Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Зерттеу жұмысы барысында деректерді стандарт өлшем бірліктермен жазады;
• Физикалық шамалар қалай өлшенетіндігін анықтайды;
• Халықаралық өлшем бірліктер жүйесін зерттейді;
• Ескі өлшем бірліктер жүйесімен танысады.

1. Ойқозғау
Ойқозғау тапсырмасы арқылы оқушыларға сабақ мақсатын анықтауға көмектесу.
Оқушыларға партаның ұзындығы мен енін қарыспен өлшеуін ұсыну.
Алған мәндерімен бөлісуін сұрау.
-Мәндер неге әртүрлі болды?
(әрқайсының алақаны әртүрлі)
-Қандай қорытындыға келдіңдер?
Мүмкін болған жауаптар:- өлшеу эталоны керек.
Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтауға мүмкіндік беру.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Халықаралық бірліктер жүйесі.
Температураны, ұзындықты, жылдамдықты, күшті физикалық шамалар деп атайды. Әр шаманың өз өлшем бірлігі бар. 1963 жылдан бастап Ресейде және басқа да елдерде Халықаралық бірліктер жүйесі қолданыла бастады. Физикалық шамалардың бірліктері негізгі және туынды бірліктер болып бөлінеді. Негізгі үш бірлікпен сендер таныссыңдар – олар ұзындық өлшемі (метр), уақыт (секунд), масса(килограмм). Негізгі бірліктер саны -7. Ал қалған шамалардың бірліктері туынды бірліктер. Мысалға жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с.
3. Жаңа білімді бекіту:
Қалыптастырушы бағалау: Жұппен жұмыс
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың өзара бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- Өлшем бірліктерді дұрыс көрсетеді;
- Физикалық шамалардың бірліктерін дұрыс сәйкестендіреді.

Физикалық шамалар мен өлшем бірліктері арасындағы сәйкестікті тап:
Жылдамдық сағат
Уақыт м/с
Масса км/сағ
қашықтық кг
с
г

4. Кестені толтыр
Кестені толтыру арқылы оқушылар тілдік дағдыларын дамытады.

Халықаралық бірліктер жүйесі.
Негізгі физикалық шамалар Өлшем бірліктері
ұзындық L (ағылш.length) метр м
t (ағылш.time) с
m (ағылш.mass) кг

Оқушылар бір- бірінің дәптерін тексереді.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың өзара бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- Өлшем бірліктерді дұрыс толтырады;
- Физикалық шамалардың бірліктерін дұрыс сәйкестендіреді.
5. Білімді пысықтау-Жұппен жұмыс
Оқушылар мәндерді өзгертіп жұппен жұмыс жасайды )
Мәндерді ХБЖ – ға айналдыру
Масса/кг қашықтық/м уақыт/с
1т =1000 кг 1 км= 1000 м 1 мин =60с
1 г=0,001 кг 16мм = 0,016 м 6 мин = ...с
0,3 т =……. кг 30 мм=______м 2 сағ = ...с
200 г =……. кг 2 км = ………..м 30 см = м
12 т=………кг 15 см= ………м 0,5 сағ = .....с
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың өзара бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және тіркеу 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және жазу (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өлшем бірліктердің көмегімен физикалық формулаларды тексеру. Сандық мәндер. Қателікті есептеу. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Материктер мен мұхиттардағы ірі орографиялық бірліктер (8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді талдау 2-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]