Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушыларға мұхиттарды зерттеген ғалымдардың суреттері таратылып беріледі. Оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, бұл ғалымдардың кім екенін анықтайды және қандай мұхитты зерттеуге үлес қосқанын анықтайды.
1 сурет – Чарльз Уайвилл Томсон. 1872 – 1876 жж. Ағылшын ғылым академиясының ұйымдастыруымен жүзеге асқан дүниежүзілік мұхиттанушылық экспедицияның ғылыми жетекшісі. Экспедиция «Челленджер» кемесімен жүргізілді. Еңбектерінің нәтижесі 50 томдық кітап болып жарыққа шықты.
2 сурет – Жак Ив Кусто. Француздық мұхиттанушы. Дүниежүзілік мұхитты зерттеуші. Аквалангты алғаш ойлап шығарған ғалым.
3 сурет – Васко да Гама. Португалдық теңізші. Үндістанға теңіз жолын ашты. Атлант және Үнді мұхиттарын жүзіп өтті.
4 сурет – Фернан Магеллан. Дүниежүзін айналып жүзіп шықты. Жер шарының шар тәрізді екенін дәлелдеді. Тынық мұхитына атау берді.
Дескрипторлар
Оқушы
-Ғалымдарды дұрыс анықтайды;
-Ғалымдардың дүниежүзілік мұхитты зерттеуге қосқан үлесін сипаттайды.
Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін бағалайды.
-Дүниежүзілік мұхит табиғатының ерекшеліктері туралы не білесіздер?
Әр топ кезекпен мысалдар, фактілер келтіреді.
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;
4. Бейнеролик «Дүниежүзілік мұхит».
Бейнеролик қарамастан бұрын, оқушыларды бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беретіндері бойынша ескерту қажет.
-Ең үлкен мұхит қандай мұхит?
-Ең кішкентай мұхит қандай мұхит?
-Мұхиттарды зерттеген қандай басқа да саяхатшылар, зерттеушілер бар?
5. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы. Мұғалім оқушыларға мұхит жер бедерін, қасиеттерін, құрамдас бөліктерін түсіндіреді.
6. Жоспар бойынша сипаттау. Оқушылар мәтінді және атласты пайдалана отырып, өздеріне берілген мұхиттарды жоспар бойынша сипаттайды. Нәтижесін постер түрінде көрсетіп, сыныпқа ұсынады.
Мұхитты сипаттау жоспары:
1. Мұхиттың қандай материктер арасында орналасқанын және басқа да мұхиттармен байланысын анықтаңыз.
2. Экваторға және бастапқы меридианға қатысты орнын анықтаңыз.
3. Мұхиттың ауданын анықтаңыз.
4. Осы мұхиттың теңіздерін, шығанақтарын, бұғаздарын анықтаңыздар.
5. Мұхит түбі жер бедерін сипаттаңыз: ең терең және орташа тереңдігін анықтаңыздар.
6. Климатын сипаттаңыз: климаттық белдеулерін жазыңыздар.
7. Осы мұхиттың негізгі мұхит ағыстарын анықтаңыз.

1 топ: Тынық мұхиты
2 топ: Атлант мұхиты
3 топ: Үнді мұхиты
4 топ: Солтүстік Мұзды мұхит.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар және оның құрамдас бөліктері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Материктер мен дүние бөліктері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Материктер мен мұхиттар 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Материктер мен мұхиттар 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]