Сабақ жоспары (ұмж): Сағаттық белдеулер (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сағаттық белдеулер (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Сағаттық белдеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Сағаттық белдеу, белдеулік уақыт, даталардың ауысу сызығы ұғымдарын білу;
• Сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. «5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
Оқушылар мұғалім ұсынған сөздерді (көл, шалғын, үйлер, жол, орман) қолдана отырып, жергілікті жердің планын сызады.
Дескрипторлар
Оқушы
-Планда өзен, көпір, үйлер, жол, орманды шартты белгілердің көмегімен бейнелейді;
-Планның масштабын көрсетеді;
-Планда көкжиек тұстарын көрсетеді;
-Планды талапқа сәйкес рәсімдейді.
Топтар жұмыстарын тақтаға іліп, өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.
2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға бейнероликті көрсетіп, сұрақ қояды:
-Бейнеролик не туралы?
-Сағаттық белдеулер дегеніміз не? Олар не үшін керек?
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Сағаттық белдеу, белдеулік уақыт, даталардың ауысу сызығы ұғымдарын білу;
• Сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау.
4. Мәтінмен жұмыс «Жіңішке және жуан сұрақтар». Оқушылар мәтін бойынша жұмыс жасайды. Алдымен мәтінді оқып, содан кейін мәтін бойынша жуан және жіңішке сұрақтар құрастырады. Төмендегі кестені толтырады.
Жіңішке сұрақтар Жуан сұрақтар


Дескрипторлар
Оқушы
-Мәтінді оқиды;
-Мәтін бойынша жіңішке 5 сұрақ құрастырады;
-Мәтін бойынша жуан 3 сұрақ құрастырады.
Қабілеті жоғары оқушылар көбірек жуан сұрақтар құрастыруы мүмкін. Оқушылар өзара сұрақтарға жауап береді. Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады.
5. Бейнеролик «Сағаттық белдеулер»

Бейнероликтен кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
-Жерде неше сағаттық белдеу бар?
-Қазақстан қандай сағаттық белдеулерде орналасқан?
6. Картамен жұмыс. Оқушылар сағаттық белдеулер картасымен жұмыс жасайды.
Карта бойынша анықта:
-Гринвич меридинын тап;
-Қазақстанның орналасқан сағаттық белдеулерін анықта;
-Даталардың ауысу сызығын тап.
Дескрипторлар
Оқушы
-Карта бойынша Гринвич меридианын анықтайды;
-Карта бойынша Қазақстан орналасқан сағаттық белдеулерді анықтайды;
-Карта бойынша даталардың ауысу сызығын анықтайды.
7. Уақытты анықтау. Оқушылар сағаттық белдеулер картасын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орындайды:
-Астана мен Мәскеу, Астана мен Нью-Йорк, Ақтау мен Нью-Дели, Алматы мен Париж қалаларының уақыт айырмашылығын анықтайды....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер бетін бейнелеу тәсілдері (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер №2 (8 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер №1 (8 сынып, II тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жергілікті жердің жоспарын құрастыру (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 2- сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Сағаттық белдеулер 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Сағаттық белдеулер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]