Сабақ жоспары (ұмж): Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.2.2.2 - табиғаттағы жануарлардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: табиғаттағы жануарлардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттайды.

(Ұ) ОМ таныстыру
• табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
(МК)
Салыстыр, жауап бер
- Туыстық қатынас қандай болады? (Анасы мен қызының, әкесі мен ұлының, тәтесі мен інісінің арасындағы және басқа да қатынастар).
- Жұп болып, бір-біріңе туысқандарыңды атаңдар.
Оларды санап көріңдер.
- Олардың барлығы бір қалада/ бір ауылда тұра
ма?
- Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың туысы бола
ма?
- Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әр жерді ме-
кен ете ме?
Суреттегі кианг жылқысы мен құланның суретіне назар аударыңыздар. Оқушылардың арасынан кейбіреулері өмірде оларды көруі немесе олар туралы білуі де мүмкін.
Жұппен фотосуреттерді салыстырып,
ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызу. (Ұқсастығы: сырттай белгілері ұқсас, басы, құлағы бірдей болып келеді. Айырмашылығы: кианг жылқысының терісінің түсі қоңырлау, жалы қалыңдау, сыртқы тұрқы мықты әрі ірі көрінеді). Құлан жазық дала мен шөлде, ал кианг жылқылары теңіз деңгейінен жоғары
Тибеттің таулы өлкесінде өмір сүреді.
«Кианг жылқылары не үшін мейлінше төзімді болуы тиіс?
Неліктен оның терісі мен жалы қалың?» (Оқушылар тауда ауа райы суық болған соң, оның жалы қалың болады деп айтуы мүмкін. Ол жердің тіршілік жағдайы қатал болғандықтан, кианг жылқылар жазық даладағы туыстастарына қарағанда төзімдірек
болып келеді.
(Т) Зертте.
Алдымен оқушылар оқулықтағы суреттерді қарап шығып, әр суретке сәйкес атауды табуы тиіс. (1. Тау арасы/ түкті ара 2. Шалғындық арасы. 3. Қарсақ (дала түлкісі). 4. Кәдімгі түлкі.) Дәлелдер келтіруді өтіну. Реңіне, түгінің қалыңдығына, құйрығының ұзындығы¬на назар аударыңыздар.
Алдын ала әр жерде тіршілік ететін (деректік ма¬териалдарда көрсетілген) туыстас (бір түрге жата¬тын) жануарлардың суреттерін дайындап қою. Барлық топ оқушыларына А1 пішіндегі қағаздарды тарату.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Суреттерді үстел үстіне қояды. Оларды мұқият қарап шығады.
• Бір-біріне ұқсас жануарларды екіден, үштен топтастырып, туыстас жануарларды табады.
• Топтастырған жануарлардың суреттерін пла¬катқа жапсырады.
• Топ ішінде нәтижелерін талқылайды.
• Туыстас жануарлардың сыртқы ұқсастығын табуы керек. Кейбір оқушыларға жануарлардың қай¬сысы қай жерде мекен ететініне болжам жасатуға бо¬лады (орманда, тауда, ашық кеңістікте).
• Өз пікірлеріне нақты дәлелдер келтіреді.
• Барлық топтың плакаттарын салыстырады. Жауаптары тыңдалады. Талқыланады.
Жақын туыстар. Суретке назар аударыңыздар. Жануарларды атап бер. Оқушылар олар туралы біледі ме?
Олар туыстас жануарлар ма? (Иә).
Неліктен олай деп ойлайсыңдар? (Сыртқы ұқса¬стықтарына байланысты).
Бірінші суреттегі бұғылар не істеп тұр? (Бір-бірімен төбелесуде).
Құстар не істеп тұр? (Бірі екіншісін ұядан қуып жатыр).
Қалай қуып жатыр?
(Соққылап, шоқып, дыбыстайды).
Жану¬арлар не үшін күресіп жатыр деп ойлайсыңдар?
Бар¬лық болжамдарды тыңдау. Құстардың дыбыс шығаруы басқаларына сол жердің бос емес екендігін білдірді. Көбінесе жануарлар тіршілік ортасы мен азық үшін күреседі. Мұндай таласты қа¬рым-қатынас түрі бәсекелестік деп аталады.
Көршілер. Оқулықтағы суреттерге назар ауда¬рыңыздар.
«Суреттегі қай жануарлар жұбының ара-сында бәсекелестік болуы мүмкін?» (Тиін мен тоқыл¬дақ арасында).
Олар не үшін бәсекелесуі мүмкін? (Қыс мезгілінде екеуі де жәндіктер жоқ кезде ағаш қуыстарын мекендейді, тоқылдақ дән мен жаңғақты қорек қылады.)
Бұл тек туыстас жануарлар ғана бәсе-келесетінін білдіреді ме? (Иә, әртүрлі жануарлар да бәсекелеседі.)
«Басқа да туыс емес жануарлардың бәсекелестігін көрсететін мысал келтіріңдер. Тиін мен бұлан арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін бе? (Тікелей қатысы жоқ, бірақ олар бір жер¬де мекендейді).
Жануарлардың бір-біріне ықпал жа¬самайтын қарым-қатынасты қалай атаймыз? (Тәуелсіз, бейтарап).
Жануарлар арасындағы мұндай байла¬ныс түрін нейтрализм деп атаймыз» Осындай топқа жататын жануарлар түріне көптеп мысал келтір.
Ойлан. Адамдар қай кезде бір-бірімен бәсекеле-суі мүмкін? (Жұмыста лауазым үшін, дүкенде ұнатқан тауары үшін).
Ал қай кезде бейтарап қарым-қаты¬нас жасайды? (Таныс емес адамдар автобуста келе жатқанда, көшеде жүргенде, әртүрлі мектепте оқыған жағдайда және т.б.) ..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау 3 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]