Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 1-сабақ Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады: Тіршілік ортасында құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану болатынын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады: Жануарлардың тір¬шілік ортасының жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін түсінеді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: Тіршілік ортасы жағдайларының өз¬геруіне байланысты кейбір жануарлардың саны ар¬татынын, ал кейбірлерінің саны азаятынын түсінеді.

(Ұ) Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, «Менің ақ тілегім» ойыны бойынша бір-біріне тілек айтқызу.
Топқа бөлу.

(Ұ) Бәсеке. «Қызықты сұрақтар айдары» Сұрақтарды талдап, оларға жауап беру.

- Олардың әрекетінен не байқадың? (Бәсекелесуде).
- Оны қан¬дай белгілері бойынша анықтай алдыңдар?
- Олардың әрқайсысы қайда өмір сүреді? (Қарақұйрық пен құлан далада, шұбар шымшықтар орман ағаштарында тір¬шілік етеді.)
- Олар не үшін күресуде? (Азық пен мекен үшін.)
- Жеңіліп қалғандарына не болады деп ойлай-сыңдар? (Олар жаңа мекенге ауысуға мәжбүр бола¬ды.)
(ЖЖ) Суреттерді қарап шығып, оларды си-паттап беру. «Алтын сандық» ойыны арқылы сандық ішінен «Батпақтану», «Құрғақшылық» және «Су тасқыны» сөздерін алып, олардың не екенін және бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылау.

(ТЖ) Сызбамен жұмыс. Сұрақ қою арқылы жануарлардың тір¬шілік ортасының жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін түсіндіру.
Сұрақтар:
- Бағыттамалардың неге осылай орналасқан?
- Эврика бұл бағыттама арқылы қандай өзгерістер ту¬ралы айтқысы келді?
- Қашан, не себепті болуы мүмкін?
- Егер шалғын¬дық бірте-бірте батпаққа айналса, онда өмір сүретін жануарларға не болады? (Ол жерден басқа жерлер¬ге ауысады.)
- Олардың саны азаюы мүмкін бе? (Иә.)
- Бұл жерде енді қандай жануарлар тіршілік етеді? (Батпақта мекендейтін жануарлар.)
- Батпақта ме¬кендейтін жануарлар саны артады деп айта аламыз ба? (Иә.)
Оқушылар жауабын салыстырып көріп, жоғарыда аталған тіршілік орта¬сында өмір сүретін жануарлар тізімін жазу. Оларды қағаз парақшаларға жазып, плакатқа кестедегі қажетті орынға жабыстыру. (Жауаптары: Баптақтану салдарынан көл мен шалғындық батпаққа айналуы мүмкін. Су тасқыны кесірінен саванна көлге айналады. Құрғақшылық әсерінен саванна шөлге айналып кетуі мүмкін).

(Ж) Зерттеу жұмысын әр оқушы оқулықта және жұмыс парағында берілген кесте¬лері бар А4 пішінді қағаздарға орындайды.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Әр оқушы бірнеше жануарды еске түсіріп, олар¬ды кестенің бірінші бағанына жазып шығады.
• Кестенің қалған бағандарын оқушылар өздері толтырады.
• Жауаптарын тыңдап, нәтижелерді талқы¬лау.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

(М) «Мұғалім-оқушы» диалогі. Ойлан!
Жер бетінде басқа жануарларға қарағанда бунақденелілер көп. Неліктен?
(Бунақденелілердің барлық жерде тіршілік етеді, сол себепті де осы топ ең көп таралған).

(ТЖ) «Лидер» ойыны арқылы топтарға жеке тапсырма беру. Бірінші топ тіршілік жағдайының өзгеруі салда¬рынан саны артатын жануарлар тізімін жазады. Екінші топ саны азаятын жануарлар тізімін жасайды. Нәти¬желерін салыстырып, топтар тапсырма¬ларымен алмасады.

(Ж) Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
28-жұмыс парағы. «Тіршілік жағдайларының өзгеруі», 30-б.
Құрғақшылық, батпақтану немесе су тасқы-ны. Оқушылар зерттеу нәтижесі бойынша кестені толтырады. Өз жауаптарымен ғана шектеліп қалма¬уын ескертіңіз..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ұрпақ – тіршілік жалғасы (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 1-сабақ 3 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]