Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды.
Ойсергек.
Сәттілік біздер тілейік.
Мен саған, сен маған,
Күндей күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
Ассоциация. «Жануарлар» ұғымын естігенде туындайтын ассоциацияларын атайды.
Аталған түсініктердің кейбірін оқушылармен талдау, талқылау. Жануарлар туралы білімдерін анықтау.
Сұрақтар:
1. Жануарлар қалай қоректенеді?
2. Жануарлардың түрлерін атаңдар.
3. Жануарлардың тіршілік ортасы қандай?
Топқа біріктіру. «Шашу» әдісі бойынша топқа біріктіру.
«Жануарлар қайда мекендейді?» ойынына әр топқа бірнеше жануарлардың суреттерін ұсыну. Олардың қайда мекендейтінін анықтау.
Бір жануарды жасырып, оны сыныптастарына ым-ишарамен көрсету. Оларға жануар мен оның тіршілік ортасы туралы айтып беру.
Жануарлар тобы. Негеш суреттен орман жануарларын, ал Эврика ашық даланы мекендейтін жануарды табу керек. Оларға көмек бере отырып, өз шешімдерін түсіндіру. Ортақ қандай байланысы барын анықтау (Жауаптары: Орман жануарлары: жалқауаң, бұлан, ақкіс, теңбілшер. Ашық кеңістік жануарлары: қабылан, киік, құм эфасы (жылан), көртышқан).
Суқойма жануарлары. Суретте бейнеленген жануарлардың әрқайсысы қайда тіршілік ететін анықтау. Әр суретке сәйкес келетін жазуды табу.
Артығын тап. Суретте бейнеленген жануарлар¬ды атап және оларды сипаттау. Оқушы¬лар суретте құс болғандықтан, құмайды көрсетуі мүмкін. Бұл нұсқа да дұрыс, бірақ тағы да бір нұсқа бар екенін айтып, таудың бейнесіне назар аудар¬ту.
Сұрақтар:
- Неліктен мұнда таулар бейнеленген?
- Біздің жерімізде тау бар ма?
- Тянь-Шань тауы туралы не білесіңдер?
- Тағы қандай жануарлар тауда өмір сүреді?
Оқушылар су¬реттегі артық жануар – қарақұйрық екенін түсінеді, өйткені ол шөлде, шөлейтте де мекендей алады.
Зертте. Зерттеу жұмысын топпен ұйымдастырып, алдын ала әр жерде мекен ететін, сол жерге тән белгілері бар жануарлардың суретін дайындау.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Оқушылар топ ішінде таңдаған суреттерімен танысу.
• Бір топқа тән белгілерді анықтап, күнделігіне жазып алу.
• Фотосуретті плакаттағы қажетті орынға жапсыру.
• Нәтижесін топта талқылау.
• Өз топтастырулары туралы дәлелдер келтіре отырып, тұжырымдау.
• Жұмыс барысында талдауға араласу.
Мұғалімнің түсіндіруі. Ашық кеңістікті қарақұйрық, киік, арыстан, ақтүлкі сияқты жа¬нуарлар мекендейді. Олар жемті¬гін қуып жету не жауынан қашу үшін тез жүгіруге бейімделген. Шөп қалың өсетін ашық даланы кеміргіштер мен бунақденелілер мекендейді. Шөл және шөлейт жерлерде бауырымен жорғалау-шылар көп кездеседі.
Ормандарды ірі жануарлар мекендейді. Оларға аю, бұлан, жабайы қабан жатады. Тропика¬лық ормандарда жалқауаң, піл тіршілік етеді. Орман жануарла¬рының көбі ағаштарға өрмелей алады.
Су жануарларының денесі сү-йірленіп келеді. Олардың жүзу қанаттары не аяқ саусақтарының арасында жүзу жарғақтары бола¬ды. Оларға құрбақа, суаршын қан¬дала, балық және басқалар жатады.
Тау жануарларының жүні қа¬лың болады. Арқар тәрізді жа¬нуарлардың жалпақ, қозғалғыш тұяқтары болады. Тау құстары тез ұшады, олардың жүні үлпілдек бо¬лады. Таудағы бунақденелілердің түсі қара, қоңырқай болып келеді.
Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
Мұғалім-оқушы диалогі.Сен білесің бе?
Шағыл мысығы туралы бей¬некөріністі көрсетіңіз. Оны сипаттап беруін сұраңыз. Оның сыртқы көрінісін алдамшы дей аламыз ба? Жа¬нуардың сыртқы көрінісі немесе күнделікті өмірде сырттай алдамшы болып көрінген сәттерін естеріне түсіруін өтініңіз.
Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
25-жұмыс парағы. «Жануарлардың тіршілік
ортасын қалай анықтайды?», 27-б.
Жануарлардың топтары. Оқушылар жануар¬ларды сурет арқылы анықтап, сәйкес топпен байланыстыруы қажет. (Жауаптары: Тау жануарлары – күшіген, қодас, арқар; ашық кеңістік жануарлары – ақтүлкі, арыстан, тарпаң; суқойма жануарлары – құндыз, мөңке, акула; орман жануарлары – макака, аю, теңбілшер)..........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: