Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді қорғаймыз 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді қорғаймыз 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді қорғаймыз 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: өсімдіктерді қорғау жолдарымен танысады;
сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтайды.

Ұйымдастыру.
Қазақстанның керемет табиғаты жайлы бейнефильм көру.
Проблемалық сұрақ қою.
- Енді бір сәт жер бетінде өсімдік жоғалып кетті дейік, жер бетін өсімдіксіз елестетіп көрейікші.
Оқушылардың ойын тыңдап болған соң сұрақ қою.
- Өсімдіктер неге азаяды немесе мүлдем жойылып кетеді деп ойлайсың?
- Өсімдіктер азайып немесе мүлдем жойылып кетпес үшін не істеуге болады?
Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
1. Оқушыларды Негеш пен Эврика дайындаған өсімдіктер туралы хабарламамен таныстыру.
- Қандай ақпарат алдың?
- Бұл өсімдіктерге не ортақ?
2. Ойлан!
«Еркін жазу» стратегиясы бойынша оқушылар жеке параққа жазылым орындау.
Өсімдік әлемін қорғау үшін адам .....................
Жазылымды аяқтаған соң оқушылардың қалаулары бойынша жазбаларын оқиды.
3. Зертте!
Қызыл кітаптың беттері әр түсті болатынын айту. Оқушыларды түстер (қара, қызыл, сары, ақ, жасыл) бойынша 5 топқа бөлу. Әр топқа өз түстеріне сәйкес парақ беру. Қызыл кітаптың парағы неліктен мұндай болуы мүмкін немесе берілген түстегі парақта қандай өсімдіктер болуы мүмкін деген сұраққа топ мүшелері ақылдасып, өз ойларын жазу және қорғау. Оқушылар жауаптары тыңдалған соң бейнематериал көрсетіліп, олардың жауаптары қаншалықты дұрыс екендігін тексеру.
4. Қызыл кітап жайлы бейнематериал
5. Табиғаттың шағым кітабы.
Жұппен оқулықтағы екі өсімдіктің шағымымен танысу. Жұпта әр оқушы бір өсімдікті таңдап алып, сол өсімдіктің шағымына жауап жазу. Жауаптарын бір-бірімен алмасып оқу.
6. Сен білесің бе?
Оқушыларды Қызыл кітап туралы ақпаратпен таныстыру. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелгендігі жайлы айту.
7. Бағалау сұрақтары:
«5 сұрақ, 5 жауап». Оқушыларға 5 сұрақ жазылған парақша ұсынылады, олар жауаптарын жазады. Жауаптарын дайын үлгі бойынша тексеріп, сәйкестіктерге қарай өзін-өзі бағалайды.

1. Қызыл кітаптың мақсаты не?
2. Қызыл түс ненің белгісі?
3. Қызыл кітап неліктен қайта басылып шығарылады?
4. Қызыл кітап адамдарды қандай болуға шақырады?
5. Өсімдіктермен қалай дос болуға болады?
8. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 18, 19-жұмыс парағы (20, 21 б.).........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қызыл Кітаптың маңызы (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді күту (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау № 2 (8 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өсімдіктерді қорғаймыз 2-сабақ 3 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Өсімдіктерді қорғаймыз 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]