Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың төлдері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың төлдері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың төлдері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме): 3. Жануарлар.Жануарлардың мінез-құлқы, тіршілік процестері
Сабақтың мақсаттары: 2.3.2.3 Кейбір жануарлар дүниеге тірі төл әкелсе, кейбірі
жұмыртқалайтынын білу
2.3.3.1 Жануарларды себепсіз өлтіруге болмайтынын түсіну
2.1.1.2 Бақылау жүргізген кезде сұрақтарға жауап беру үшін жеке тәжірибені қолдану (мысалы, жануарлардың әдеттерін бақылау)
2.1.4.1 Бақылауларды салыстыру және олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіру, (мысалы, үй жануарлары мен жабайы аңдар арасындағы айырмашылықтар).

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар орындарынан тұрып, төмендегі өлең жолдарын бірге айтады.
Қуан шаттан алақай
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
(Ұ,МК)
Күшігім менің сақ құлақ,
Келеді әні шапқылап.
Сақтығыңды көрейін,
Мал бағуға берейін.
Өлеңнің не туралы екенін сұрау және оқушылар әкелген суреттердің ішінде үй жануары ит және оның күшігінің суреті болса, иттің пайдасы оның күшігі туралы әңгімелеп айтуын сұрау.
Өлең жолдарын оқып бергеннен кейін төмендегі сұрақтарды қоямын.
Сұрақтар:
1. Жануарлардың қандай түрлері бар?
2. Үй жануарларының адамға пайдасы бар ма?
3. Олардың төлдері қалай аталады?
(Ұ, МК) Суретпен жұмыс.
- Жұмыртқадан пайда болатыны қайсы?
(тауық, қолтырауын, тасбақа)
-Қалай ойлайсыңдар, балық қалай көбейеді?

Оқушылардың назарын тақтаға аударып, таныстырылым арқылы олардың қалай көбейтіні туралы таныстыру.

Белсенді тақтадан балықтың, бақаның қалай көбейетіні туралы берілген сілтеме арқылы бейнефильм көрсетіледі.
(Т) Топпен жұмыс.
Сыныпты 3 – 4 топқа бөліп, әр түрлі топтағы жануарлардың суреттері беріледі. (қонжық, түлкішек, мысық, бұзау, қозы, қолтырауын, тасбақа, балық, бақа) А3 форматтағы постерді екіге бөліп сызамыз.
Сүтқоректілер Жұмыртқа арқылы көбейетін
Нұсқаулық:
1 . Әр оқушы бір суреттен таңдайды.
2. Таңдаған суретін кестенің біреуіне желімдейді.
3. Топ мүшелеріне өзінің таңдауын түсіндіреді.
Әр топтағы оқушылардың суреттерді қай топқа желімдеуін, желімдеу кезінде қалай ойланып орындайтынын бақылау.
Бұдан кейін, әр топ мүшелерінің постерлерін салыстыру, талдау, берілген сұрақтарға жауап беру жұмысы орындалады..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ұрпақ – тіршілік жалғасы (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жануарлардың төлдері 2 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Жануарлардың төлдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]