Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді өсіру (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерді өсіру
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Гүлдейтін өсімдіктердің бөліктері және маңызы
Сабақтың мақсаттары: 1.2.2.1 Өсімдік мүшелерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін көрсетіп, өсімдіктерді сипаттау (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс)
1.2.2.2 Тамыр- өсімдіктің жерасты бөлігі, ал сабақ, жапырақ, гүл және жемістер жер үсті бөлігі екенін білу.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, алдымен шеңберге жиналып, өлеңді іс-қимыл жасау арқылы айтуды ұсыну.
(Ұ) Армысың , алтын күн! (Күнге қарап бас иеді)
Көгілдір көк аспан! (Аспанға қолдарын жаяды)
Бармысың құстарым! (Құстарға қол бұлғайды)
Қанатты достарым ! (Құсша қанат қағады)
Суларым таза ма? (Оң қолын оң жаққа созады)
Талдарым аман ба? (Сол қолын сол жаққа созады)
Бас ием тауларға (Бастарын иеді)
Жамылған қарларға (Қолдарын жоғары созады)
Жайқалған даланы (Қолдарын жан – жанқа соз)
Табиғат ананы (Алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)
Көруге сағынып (Қолдарын жүрек тұсына қояды)
Келген біз балаңыз (Бастарын иеді)
(Ұ) Ойын жүргізу. Оқушылардан өздерін өсімдіктер деп елестетулерін сұрау: қолдарын жоғары көтеріп немесе отырып, саусақтарының арасын ашып көрсетуді ұсыну (мұғалім де бір өсімдікті көрсетсе болады). Оқушылардан қандай өсімдікті көрсеткенін және оның қандай мүшелері бар екенін сұрау.
(Ұ, МК) Сурет бойынша жұмыс.
Суретке қарауды ұсыну. Оқушылардан бұл өсімдікті бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұрау. Өсімдіктің бөліктері жазылған жеке жолақшалар дайындап қою (гүл, сабақ, жапырақ, тұқым, тамыр). Оқушылар өсімдіктің мүшелері атаған кезде тиісті жерге жолақшаларды қыстырып тұру. Оқушылар әр мүшенің атауын, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс.
(ЖЖ) Оқушыларды жұптастырып бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыну. Әр жұпқа жеке сурет беру.
Алдын ала дайындалған әр түрлі өсімдіктердің суреттері бойынша жұмыс жасау. Осы жұмыстың барысында оқушылар «Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?» деген сұраққа жауап берулері тиіс. Суреттерде өсімдіктердің әр түрі көрсетілген: ағаш пен бұта, ағаш пен шөп, бұта мен шөп. Оқушыларды өсімдіктер пішіндері жағынан әр түрлі болса да, олардың бірдей бөліктері болатыны туралы өздігінен қорытынды жасауға жетелеу.
(Ұ) Көзге арналған жаттығу.
(ОТ,Т) Тәжірибелік жұмыс жүргізу. Жұмыс барысында оқушылар «Тұқым қалай өнеді?» деген сұраққа жауап берулері тиіс. Оқушыларды төрт топқа бөлу. Әр топқа заттардың тізімін беру:
• асбұршақ
• құты
• мақта
• су
• стақан
Жұмыс барысы: құтыны алып, түбіне мақта салады. Мақта ылғалданатындай, бірақ су тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп аздап су құю. Су ауаның өтуіне кедергі жасамау үшін, тұқымдардың бетін су жаппайтындай құю. Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойып, қақпақпен жабу. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктері бар. Тұқымды жылы жерге қою..........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің негізгі бөліктері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді күту (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: