Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің көп түрлілігі 2-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және мәдени өсімдіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Өсімдіктердің көп түрлілігі 2-сабақ
Сабақтың мақсаттары: 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;
1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;
Психологиялық дайындық
(Ұ)Гүлдей өмір сүрейік,
Қызыл, жасыл, сары боп
Әдемі болып жүрейік,
Гүл әдемілік белгісі.
Гүлдердің қасиетін білейік.
Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер
- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.
- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!
- Түрлі - түсті күлтелері құлпырып тұр.
- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен.
(Ж,Т) оқушыларды 4 топқа бөлеміз. Төмендегідей жұп суреттерді береміз. Сұрақтарға жауап әзірлеу.
Сұрақтар:
- Бұл қандай өсімдіктер?
- Ұқсастықтары
- Екеуінің қандай айырмашылығы бар?
- Екеуі де ағаш.
- Шырша орманда, алма бақта өседі. Шырша өз бетімен өседі, алманы өсіру үшін күтіп баптау керек.
Мәдени өсімдіктерді сәндік үшін және тағам ретінде өсіреді. Ал жабайы өсімдіктер жануарларға қорек ретінде өседі және кейбір шөптер бізді құмды бархандардан қорғайды.
(МК) Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.
Қызықты мәліметтер.
Дүниедегі ең биік өсімдік – бамбук. Ол ағаш сияқты көрінгенімен ол- шөп. Биіктігі 25 метр . Ол күніне 1 метрден өсіп отырады.
Әлемдегі ең биік ағаш — эвкалипт. Ол Австралияда өседі.Оның биіктігі 100-110 метр.Бразилияда өсетін ағаштардың діңін кессе сүтке ұқсас шырын шығады. Шырынның дәмі сүттің дәміндей.
Қытай, Жапония, Үндістанда кәмпит ағашы кездеседі.Оның күнге кептірілген жемістері кәмпит сияқты тәтті болады.
(МК) Жұмбақ шешу
Адамдардың бәрі қызығады,
Ұстай берсең сәні бұзылады. ( гүл)
Мақал – мәтелдер
• Көлдің көркі – құрақ, Таудың көркі – бұлақ.
• Орман – ел дәулеті, жер сәулеті.
• Сулы жер – нулы жер.
• Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
Кілеше үстінде. (Ұ)
Гүл көңілімізге қуаныш сыйлайды. Гүлдің де тағдыры, тіршілігі, мінезі бар. Олар өте сезімтал. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Гүл - дүниенің көркі.
Гүл – жердің көркі.
Гүл - әдеміліктің символы.
Гүл – нәзіктің белгісі.
Гүл – көңіл ашады..........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді күту (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің көп түрлілігі 1-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жергілікті өсімдіктер (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің негізгі бөліктері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: