Сабақ жоспары (ұмж): Реакция бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Реакция бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия
Сабақтың тақырыбы: Реакция бойынша есептеулер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.2.2 заттардың белгілі (массасы, көлемі және бөлшек саны) бойынша зат мөлшерін есептеу, егер заттардың біреуі артық мөлшерде немесе қоспасы болса.
Сабақтың мақсаттары: -оқушыларды бөлшек санымен таныстыру.
-оқушыларды масса, көлем және бөлшек саны арасындағы байланысты түсіндіру.
-оқушыларды көлем, бөлшек саны мен массаны реакция теңдеулерінде пайдалануды үйрету.
-оқушыларға егер заттың біреуі артық мөлшерде болған жағдайда есептеулер жүргізуді түсіндіру.

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпта ынтымақтастық орнату.
Класпен жұмыс.

видеосын қарау.
Видеоны талқылау. Авогадро санының қаншалықты үлкен сан екенін сұрау.
Оқушылардан бөлшек санын қалай санауға болатыны сұраңыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға Авогадро санын түсіндіру. Авогадро тұрақтысы, Авогадро саны — заттың 1 моліндегі құрылымдық элементтер (атом, молекула, ион, т. б. бөлшектер) саны; NA түрінде белгіленеді. Италия ғалымы Амадео Авогадроның (1776—1856) есімімен аталған. Авогадро тұрақтысының анықталған дәл мәні
NA = 6,022 141 79×1023 моль−1.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топқа: Авогадро саны мен зат мөлшерін байланыстыратын есепті ойлап табу.
2-топқа: Авогадро саны мен зат массасын байланыстыратын есепті ойлап табу.
3-топқа: Авогадро саны мен зат көлемін(заттың көлемі тек қалыпты жағдайда және газдарға қатысты есептелетінін есте сақтаңыз) байланыстыратын есепті ойлап табу. Оқушыларға 8 минут беріледі.
Топтар өзінің есептерін қалған топтарға ұсынады.
Топтарға 3 минуттан есептерді шығаруға беріледі.
Топтар бір бірін бағалайды.
245 грамм күкірт қышқылымен 115грамм натрий әрекеттескен кезде пайда болған жағдайда, қандай көлем сутек бөлінеді? Мысалға алып, реагенттердің біреуі артық мөлшерде болған жағдайда есептерді көрсетіңіз.
Тапсырма 1
56л оттек 714 грамм азотпен әрекеттескенде пайда болған аммиактың көлемін есептеңіз.
Тапсырма 2
2,5 моль көмірқышқыл газы сөндірілмеген 196 грамм сөндірілмеген әкпен әрекеттескенде пайда болған әктің массасын табыңыз.
Тапсырма 3
67,5 алюминий 343 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде пайда болған тұздың молекула санын табыңыз.
Тапсырма 4
7 грамм сумен 44,8л оттек әрекеттескен кезде, қандай газ артық қалады және қанша грамм?......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Реакция бойынша есептеулер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Реакция теңдеулері бойынша есептеулер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Реакция бойынша есептеулер 1-сабақ 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Реакция бойынша есептеулер 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]