Сабақ жоспары (ұмж): Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ  (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.8 радиоактивті зат ұғымын білу;
10.2.1.9 радиоактивті ыдырау типтерін білу және қарапайым ядролық реакциялардың теңдеулерін құрастыра алу; знать типы (α, β-, β+, γ ыдыраулар);
10.2.1.10 Қазақстанның энергетикалық әлеуетіндегі ядролық реакциялардың маңыздылығын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- атомдағы протон саны артқан сайын ядроның тұрақтылығы кемитінін түсінеді;
- альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амадасу.
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын айқындау.
Сабақтың мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру.
Сөздіктермен жұмыс істеу.
Бейнебаян қарастыру.
Бейнебаян қарастырып, терминдерге анықтама жазу.
Радиация –
Радиоактивтілік –
Радиоактивті ыдырау –

Бейне баяндар бойынша сұрақтар:
*Радиация дегеніміз не?
*Радиация мен радиоактивтіліктің айырмашылығы неде?
*Радиактивті ыдырау дегеніміз не?

Радиация (лат. «сәулелену», «жарық шығару») – кеңістікте энергияны түрлі толқындар мен бөлшектер ретінде тарату.
Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) –атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Радиоактивті ыдырау – радиоактивті бөлшектерді тарату.
Ақпараттық парақтарды үлестіріп беру.
Радиоактивті ыдырау үдерісін бейнебаяндарды көрсету және оларды талқылау арқылы оқушыларға түсіндіру.
Бейнебаян 1.

Алған білімдерін бекіту мақсатында қалыптастырушы жұмыстарын тарату.
Оқу мақсаттары:
10.2.1.8 радиоактивті зат ұғымын білу;
10.2.1.9 радиоактивті ыдырау типтерін білу және қарапайым ядролық реакциялардың теңдеулерін құрастыра алу; знать типы (α, β-, β+, γ ыдыраулар).
1. Кестені толтырыңыз:
№ Элемент p, n, e ̅ - саны
1 12С
2 40К
3 60Со
4 65Zn
5 59Fe
6 82Br
7 76As
8 270Hs
2. Төменде өлементтердің протон-нейтронды қисығы берілген.

а. Ыдырауға тенденциясы бар тұрақты және тұрақсыз элементтер аймағын белгілеңіз.
b. Атом ядросының құрылымынан тұрақтылық тәуелділігі жайында қорытынды жасаңыз.
______________________________________________________
3. Радиоактивті ыдырау реакция теңдеулерін аяқтау
(_92^238)U □(→┴α )
(_92^235)U □(→┴α )
(_94^239)Pu □(→┴α )
(_37^86)Rb □(→┴β )
(_90^234)Th □(→┴β )
(_25^57)Mn □(→┴β )
4. Келесі реакцияларда радиоактивті ыдыраудың қантай типі көрсетілген?
(_88^226)Ra→(_86^222)Rn
(_93^239)Np→(_94^239)Pu
(_62^152)Sm→(_60^148)Nd
(_46^111)Pd→(_47^111)Ag
5. Тұрақсыз элементтердің ядролық ыдырауы қалай аталады?......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Радиоактивтілік 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 2-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Радиоактивті заттар ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Радиоактивті заттар ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]