Сабақ жоспары (ұмж): Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия
Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - Периодтық кестеде элементтердің атомдық салмақтары әрдайым бүтін сан бола алмайтынын біледі
- салыстырмалы атомдық және молекулалық массаның мәнін түсіндіре алады
- молярлық масса ұғымын біледі
- бұл ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады
- салыстырмалы молекулалық және молярлық масса есептей алады
Сабақтың басталуы
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен сабақ бойынша қайталау
«Сөзді ұста» ойыны. Сыныпты үш топқа бөлу.
Өткен сабақты қайталап еске түсіру үшін кілттік сөздер салынған конверт топтарға таратылады. Кілт сөздер: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы, зат мөлшері, заттың массасы, заттың көлемі т.б. Мұғалім осы сөздерге қатысты сипаттама берген кезде оқушылар тиісті сөзді бірінші болып қолымен жауып, өзіне жинайды.
Бағалау: Көп сөз жинаған оқушыларға смайликтер таратылады.
Жаңа сабақ тақырыбын ашу
Сыныпқа сұрақ қою
Неліктен атомдық масса бүтін сандармен өрнектелмейді?
Оқушылар жауаптарын тыңдау. Топпен талқылау.
Көміртек-12 массасы дәлме-дәл 12,00 болғанымен, табиғатта кездесетін көміртектің салыстырмалы атомдық массасы сәл өзгеше 12,01 болады. Бұл қосымша масса қайдан шығады? Барлық химиялық элементтер табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездеседі. Кейбір элементтер табиғатта тек жалғыз изотоптар түрінде болады. Жалғыз изотоптарға фтор, алюминий, кобальт және алтын жатады. Химиялық элементтер табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндіктен, табиғи элементтің салыстырмалы атомдық массасы бүтін сан болу мүмкін емес. Салыстырмалы атомдық массаны анықтау барысында элемент изотоптарының атомдық массалары мен табиғаттағы проценттік құрамы ескеріледі. Табиғи көміртек екі изотоп (көміртек-12 және көміртек-13-тің қоспасы) түрінде кездеседі. Аталған изотоптардың пайыздық мөлшері сәйкесінше 98,89% және 1,11%. Сондықтан табиғи көміртектің салыстырмалы атомдық массасы бүтін сан бола алмайды.
Слайд презентация арқылы мұғалім оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады, оқушылармен талқылай отырып, кілттік сөздерді анықтайды.
Жаңа сабақты меңгеру
Топтық жұмыс : сыныпты үш топқа бөлу
Әр топқа қысқаша мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, топта жұмыс жасайды. Әр топ сынып алдына шығып түсіндіреді.
1-топ
Салыстырмалы атомдық масса түсінігі, есептеу жолы
2-топ
Салыстырмалы молекулалық масса түсінігі, есептеу жолы
3- топ
Молярлық масса түсінігі, есептеу жолы
Әр топ оқушылары өз жұмыстарын түсіндіру барысында басқа топ оқушылары тыңдап, өзара пікір алмасады. (сұрақ- жауап)
Жұптық жұмыс
Оқушылардыңалған білімдерін бекіту үшін тапсырмалар беру
Венн диаграммасы......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Масс-спектрометр 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Атом – күрделі бөлшек (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кристалдық торлар 3-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: