Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің  шығымын есептеу» 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.2 бастапқы заттың (масса, көлем және зат мөлшері) біреуі артық мөлшерде/ белгілі қоспа үлесі берілгенде химиялық реакция бойынша реакция өнімін (масса, көлем, зат мөлшері)есептеу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
-сабақ тақырыбын болжай біледі;
-жұмыс барысына сәйкес практикалық жұмыстарды жасайды;
-химиялық реакция теңдеулерін жазады;
-зат мөлшеріне және стехиометриялық заңдарға байланысты түсініктерімен есеп шығарады.

Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.

(М) Мұғалім презентация слайдтары арқылы қалыпты жағдайдың стандартты жағдайдан айырмашылығын көрсетеді. Сонымен қатар көлемдегі сандық айырмашылықтарына тоқталады.
Кез келген 1 МОЛЬ газдың стандартты жағдайдағы көлемі 22,4 л.
0 оС (273 K) температура және 1 атм. қысымдағы (760 мм немесе 101 325 Па) жағдайды стандартты жағдай деп айтамыз.
Кез келген 1 МОЛЬ газдың бөлме жағдайдағы көлемі 24 л.
25 оС (298 K) температурадағы жағдайды қалыпты жағдайдағы температура деп айтамыз.

(Ж) Оқушылар стандартты/қалыпты жағдайларды ескере отырып, заттардың көлемдерін есептейді.

1. Стандартты жағдайдағы 33,6 л аммиак көлемінде қанша зат мөлшері бар?

2. Көмір қышқыл газының 3,01х1023 молекуласында қанша көлем бар?

3. 0,23 г натрий сумен әрекеттескенде сутектің қанша көлемі (қ.ж.) түзіледі?

(М) Мұғалім презентация слайдтарын көрсете отырып, оқушылармен бірге бастапқы заттың (масса, көлем және зат мөлшері) біреуі артық мөлшерде/ белгілі қоспа үлесі берілгенде химиялық реакция бойынша реакция өнімін (масса, көлем, зат мөлшері) есептерді шешу алгоритмін көрсетеді.

(Ө) Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған есептерді шығарады.

1. Массалық үлесі 15% (тығыздығы 1,1 г/мл),көлемі 240 мл тұз ерітіндісін дайындауға қажетті су мен тұздың массаларын табыңдар.
2. Натрий гидроксидінің массалық үлемі 10%,көлемі 20 мл ерітіндісін дайындау үшін гидроксидтің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер
3. Күкірт қышқылының массалық үлесі 10%,тығыздығы 1,07 г/мл,көлемі 200 мл ерітіндісіндегі күкірт қышқылының массасын табыңдар.
4. Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер. ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 3-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Реакция теңдеулері бойынша есептеулер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зат массасының сақталу заңы (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]