Сабақ жоспары (ұмж): Тұздар гидролизі 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тұздар гидролизі 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақ тақырыбы: Тұздар гидролизі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.3 орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
Сабақ мақсаттары: Гидролиз ұғымын меңгерту;
Тұздардың табиғатын үйрету;
Тұздар гидролиз теңдеуін жазуды меңгерту;
Гидролиз теңдеуінің ортасын анықтауды үйрету.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, кілтті сөздер слайд арқылы таныстырылады. Кілтті сөздерді ағылшынша сөздерді орысша және қазақша сөздерге аударуын сұрау арқылы жүргізуге болады.
II. Жаңа сабақты меңгерту.
2.Мұғалім өткен сабақпен байланыстырып жаңа сабаққа ой тастау мақсатында тапсырма орындатады. Тапсырмада заттарды күшті және әлсіз электролиттерге жіктеу қарастырылады.
Тапсырма жеке оқушыларға таратылып, тапсырма аяқталғанда жауаптарын презентациядағы жауаптармен сәйкестендіру арқылы тексеріледі.
Бағалау. Мұғалім оқушыларға ауызша кері байланыс беру арқылы орындайды.

3.Мұғалім демонстрациясы. Мұғалім химиялық ерітінділердің ортасының қандай болуы мүмкіндігі туралы болжауын сұрайды. Оқушылар әр түрлі болжам жасап болған соң тәжірибені орындап көрсетеді. Дұрыс орта анықталған соң аталған тұздардың (СuSO4 , NaCl, Na2CO3, CuCO3)
құрамына назар аудару сұралады. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Бағалау: Оқушылардың пікірлері шындыққа жақын оқушыларға ауызша кері байланыс беру арқылы жүргізіледі.

4.Мұғалім тақтада түсіндірме жасайды. Гидролиз ұғымына анықтама беріледі. Тұздар гидролизге ұшырағанда ерітіндінің ортасын индикаторлар арқылы анықтауға болатынын сөз етеді. Яғни Кез келген тұзды ҚЫШҚЫЛ мен НЕГІЗДІҢ әрекеттесуінен түзілген өнім деп қарастыруға болады. Мысалы магний сульфаты мен натрий карбонатының құрамына тақтада талдау жүргізеді. Гидролизге қатысатын тұздардың түрлерімен таныстырады.

5.Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларды 4 топқа бөледі. Тұздар гидролизінің алгоритмін өздері оқып, талқылау арқылы қол жеткізуге бағыт береді. Яғни оқушыларға тұздар гидролизінің теңдеулері берілген материалды презентациядан қолдарына №11,12,13,14 слайдтар таратылады.
Дифференциация гетерогенді топтарда жүргізіледі. Үлгерімі жоғары оқушылар үлгерімі орта оқушыларға қолдау көрсетеді.
1-топ (Әлсіз негіз мен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі)
2-топ (Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардың гидролизі)
3-топ (Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизі)
4-топ (Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардың гидролизі)
6.Топтар өз талдауларымен басқа оқушыларға түсіндірме жүргізеді. Гидролиз теңдеуінің алгоритмін өздері қорытып шығаруы керек (2 минут әр топқа).
Бағалау: Мұғалім оқушылардың сұрақ-жауаптарын бақылау негізінде бағалайды.
II. Білімді тексеру
7.Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы «True or False» арқылы орындалады. Ол үшін оқушыларға мини тақталар беріледі. Жауаптарын мини тақталарға жазып жоғары көтеру арқылы көрсетеді. Тапсырма презентация соңында берілген.
Бағалау: мұғалім комменті арқылы жүргізіледі
Мұғалім жазбаша қалыптастырушы бағалау жүргізуді таңдауына болады. Тапсырма сабақ жоспарына бекітілген.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Тұздар гидролизі 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы. (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тұздар (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Тұздар гидролизі 2-сабақ 9 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Тұздар гидролизі 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]