Сабақ жоспары (ұмж): Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 8.1.3.6 «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формулаларын құру;
Сабақ мақсаттары: • атомдардың сыртқы қабатын толтыру кезінде ионға айналатынын түсінеді.
• иондардың зарядтары негізінде қосылыстар формуласын жаза алады.

Оқушыларды түгелдеп, сабақты жоспарлап алу.
Сабақтың тақырыбын анықтап, сабаққа қойылатын мақсаттарды атап өту.
Миға шабуыл «Ақ тақта»
Оқушыларға презентациядан атом/ионның таңбасын көрсетіңіз, олар ақ тақтаға атом/ионның электрондық конфигурациясын жазады.
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұпта натрий және хлор иондарының түзілу схемасын жазады және «натрий атомы жоғалтқан электрон қайда кетті?» немесе «хлор атомы электронды қайдан қосып алады?» деген сұраққа жауап іздейді.

Мұғалім түсіндірмесі
Элемент атомдарының ион түзуі нәтижесінде қосылыстарға айналуын түсіндіру және қосылыстағы иондар зарядтарының қосындысы нольге тең болады.

Топтық жұмыс
Оқушылар топта «Зарядтың нольдік қосындысы» және иондардың зарядтары жайлы білімдеріне сүйеніп, заттардың формулаларын құру жазбасының алгоритмін құрастырады.

Заттардың формуласын құрастыру алгоритмі

Бинарлы заттардың формулаларын құрастыру:

1.Затты құрайтын элементтердің таңбаларын бір қатарға жазамыз:
мысалы, Na O

2.Химиялық элементтердің жоғары жағына ион зарядын қоямыз :
+1 -2
Na O
3. Ион зарядының кіші ортақ еселігін табамыз: 2

4. Ең кіші ортақ еселігін элементтердің ион зарядтарына бөліп, индекстерін табамыз:

+1 -2
Na O 2: 1 =2 (Na) формула – Na2O.
2: 2 =1 (О)
«Нөлдік қосынды» әдісімен формуланы жазу
+ 1∙1 + (-1) ∙1 = 0

Тексеру
Келесі заттардың химиялық формулаларын
құрастырып, нөлдік сома әдісімен тексеру өткізіңіздер
CxOy
SixO

Жеке жұмыс
Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындап, бірін бірі тексереді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Заттардың химиялық формуласын құрастыру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Иондардың түзілуі 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Иондардың түзілуі 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Хунд ережесі. Клечковский ережелері. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру 8 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]