Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың белсенділік қатары. № 4 Практикалық жұмыс: «Металдардың белсенділігін салыстыру» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың белсенділік қатары. № 4 Практикалық жұмыс: «Металдардың белсенділігін салыстыру» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдардың белсенділігін салыстыру
Сабақ тақырыбы: Металдардың белсенділік қатары. № 4 Практикалық жұмыс: «Металдардың белсенділігін салыстыру»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 -металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау.
Сабақ мақсаттары: - мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқаулығы негізінде зерттеу жоспарын ұсыну;
- берілген металдардың реакцияға түсу қабілеті бойынша өз болжамдарын жасау;
- ғылыми тілді қолдана отырып, мұғалім көмегімен қарапайым өз қорытындыларын жасау;
- өздерінің зерттеу жоспарының артықшылықтары / кемшіліктері бағалау және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Ұйымдастыру кезеіңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары айтылады.

Сыныппен жұмыс «Серпілген сауал»«Химиялық диктант»
Мақсаты: Алдыңғы сабақта өтілген металдардың қышқылмен, сумен әрекеттесуі негізінде металдардың белсенділігін еске түсіру, басқа реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау, өнімдерді болжау.
Тапсырма сипаты: Оқушыларға металдардың қышқылдармен реакциясын туралы білімдерін тексеру үшін презентациядан химиялық реакциялар көрсетіледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың берілген реакцияларды талдауын бақылайды.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар берілген реакцияларды сипаттап,өнімдерді болжайды.
Кері байланыс: Қателіктер айтылып жөнделінеді.
Бағалау: бірін- бірі бағалау.
Топтық жұмыс
Мақсаты: Металдар мен тұз ерітіндісі арасындағы химиялық реакцияны білу;
Тапсырма сипаты: Оқушыларды топқа бөліп, оқушыларға жұмыс парақтары таратылып, «Металдардың белсенділігін салыстыру» №4 сарамандық жұмыс орындалады.
Алты сынауыққа 1/4 көлемде тұз ерітіндісін құйыңыз.
1. мыс
2. темір
3. мырыш
4. күміс
5. кобальт
6. никель
Әрбір сынауыққа бір уақытта темір, мыс, магний, мырыш, салыңыз.
Тәжірибе нәтижесін бақылап, жазыңыз.
Кері байланыс.
Тәжірибе нәтижесін оқушылармен талқыланады.
Бағалау дескрипторлары:
• Металдардың белсенділігін түсінеді;
• Белсенділік қатармен танысады;
• Белсенділік қатарының сипатын зерттейді;
• Әр түрлі ерітіндіде металдардың реакциясын болжай алады.

Сыныппен жұмыс
Тапсырма сипаты: Тұз ерітінділері мен металдар арасындағы реакция нәтижелері бойынша металдарды реакцияға түсу қабілетінің кемуі реті бойынша орналастырыңыз.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Металдардың белсенділік қатары жайлы анықтама мен мағлұмат айтады, және құрған реттіліктерін салыстыруды сұрайды.
Оқушының іс-әрекеті: Пайдаланылған тұздардың құрамындағы металдарды және жеке берілген металдарды реакцияға түсу қабілеті бойынша , орынбасу реакциясын қолдана отырып, қорытынды жазады.
Кері байланыс: Оқушылармен металдардың басқа металдарға қарағанда белсенділігі жоғары немесе төмен екені туралы талқыланады.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. № 5 Зертханалық жұмыс: «Металдардың қышқылмен өзара әрекеттесу реакциясы» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы» 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Металдардың белсенділік қатары № 4 Практикалық жұмыс: «Металдардың белсенділігін салыстыру» 8 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Металдардың белсенділік қатары № 4 Практикалық жұмыс: «Металдардың белсенділігін салыстыру»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]