Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың оттекпен және сумен реакциясы. Коррозия. (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдар белсенділігін салыстыру
Сабақ тақырыбы: Металдардың оттекпен және сумен реакциясы. Коррозия.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.4.1 - кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 - белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау
8.2.4.3 - металдар коррозиясына әсер ететін факторларды зерттеу
Сабақ мақсаты: - практикада металдардың химиялық белсенділігін оқып тану;
- металдар коррозиясының туындауына әсер етуші факторларды анықтау;
- оттекке және суға қатынасы бойынша металдардың белсенділік қатарын құру;
- металдардың оттекпен, салқын, ыстық сумен немесе бумен химиялық реакция теңдеулерін құруды үйрену.
Сабақтың бастарқы кезеңін ұйымдамтыру
Оқушылармен амандасу және сабаққа дайындығын тексеру: парта үстінде күнделік, оқулық және оқу құралдарының болуы.
Бастапқы білім мен дағдыны актуализациялау:
Мұғалім оқушыларға ұзақтығы (0.00-1:35) мультфильм үзіндісін көрсетеді: «Доктор Машинкова. Тотбасу». Көрсетілім аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
- Неге Доктор Машинкова көлікті толық жуа алмады?
Оқушылардың болжам жауабы: Лас дақтармен қатар, көлікті тот басқан.
- Неге біршама уақыт өте келе металдан жасалған заттар осындай өзгерістерге ұшырайды?
Оқушылардың болжам жауабы: Көптеген металдар тотығады, бұзылады.
Презентациялық слайдтарды көрсетіп (слайд №1) мұғалім сұрақ қояды:
- Бірақ, тарихи мұражайларға барған кезде, біз түрлі металл экспонаттарын кездестіре аламыз. Біздің қазіргі уақытқа дейін олар қалай сақталған?
Оқушылардың болжам жауабы: Ол зат жасалған металға байланысты
Белсенді және орташа белсенді металдар ауадағы оттекпен, сумен белсенді емес металдарға қарағанда тез әрекеттесіп, тотығады
Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын болжауды ұсынады. Оқушылар жауабын тыңдағаннан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды: Металдардың оттекпен, сумен реакциясы. Коррозия.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
Оқушылар сабақ мақсатын мұғаліммен құрастырады (слайд №2-4)
Жаңа тақырыпты оқып-тану
Мұғалім коррозияның қандай үдеріс екенін түсіндіреді. (слайдтар №5-7)
Оқушылар анықтаманы дәптерге жазады.
Мұғалім оқушылармен талқылайды:
- Қандай жағдай кезінде металдың бұзылуы жүреді?
- Зертханада қандай реакция көмегімен біздің болжамдарымызды тексеруге болады?
- Металл және металл құрылымды заттардың бұзылуға түсу жағдайын сипаттап көріңіз (Болжам жауаптар: ылғал ауада темірдің тоттануы, көлік детальдарының коррозиясы, металл қатысындағы химиялық реакциялар).
Топтық жұмыс :«Металл коррозиясының туындауына әсер ететін факторларды зерттеу»
Мұғалім оқушыларға алдын - ала дайындалған (тәжірибені) сынауықтарды қарауды ұсынады (дидактикалық материалды қараңыз Қосымша 1) (слайд №8):
Сынауық №1: темір шеге + дистилденген су;
Сынауық №2: темір шеге + құбыр суы;
Сынауық №3: темір шеге + сұйық май және қайнатылған су;
Сынауық №4: темір шеге + тұз ерітіндісі (натрий хлориді);
Сынауық №5: темір шеге + сілті ерітіндісі;
Сынауық №6: темір шеге + қышқыл ерітіндісі.
Оқушылар бақылау нәтижесін жазы және жұмыс парағына қорытынды құрастыруы керек.
Мұғалім үдерісті бақылап, қорытындыны нақтылайды.
Содан кейін, барлық сынып әрбір топтың екі сынауық бойынша жауабын тыңдайды.
Оқушылар мұғаліммен бірге реакция теңдеуін құрады және жұмыс парағына жалпы қорытынды жазады. (слайдтар №9-14)
Бекіту үшін оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындайды:
Индияда Дели қаласына жақын жерде орналасқан атаөты Кутуб колоннасы 1500 жылдан бері климаттың ыстығына және ылғалдығына қарамастан бұзылмай, өз қалпында тұр. Ол таза темірден (99,72 %) жасалған және салмағы 6,5 тонна, биіктігі 7,2 метр, негіздегі диамерті 42 см және үстідегі 30 см- ге жетеді. Колонна Чандрагупты II патшасының құрметіне тұрғызылған. Халықтың сенімі бойынша кім колоннаға арқасымен сүйкенсе және қолын тигізсе соның тілегі орындалады деп есептеледі. Сіз қалай ойлайсыз, бұл тарихи ескерткіштің сақталуына қандай фактор әсер етеді?
Жауап: Аса таза темір кәдімгі темірге қарағанда коррозияға аз түседі, сол себепті аса таза металдар коррозияға тұрақты........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы» 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. № 5 Зертханалық жұмыс: «Металдардың қышқылмен өзара әрекеттесу реакциясы» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: