Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық  тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдардың белсенділігін салыстыру
Сабақ тақырыбы: Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.4.4 - қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
8.2.4.5 - металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: - металдардың сумен реакцияларын білу;
-металдар белсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеу;
-оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Сыныпты ұйымдастыру
Сабақ басында:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары айтылады. Үй жқмысы тексеріледі.
«Топтық жұмыс»
Мақсаты: Өте белсенді металдардың сумен реакция теңдеулерін еске түсіру.
Тапсырма сипаты: Оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырма парағы беріледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топтық жұмыста оқушылардың бірлесіп жұмыстануын қадағалайды.
Оқушының іс-әрекеті: Берілген тапсырманы топта орындайды. Өткен сабақта барлық тапсырманы дұрыс орындаған оқушы бағалаушы болады.
Кері байланыс: Қателіктер айтылып жөнделінеді.
Бағалау: бірін- бірі бағалау .
Топтық жұмыс
Мақсаты: металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясын зерттеу;
Тапсырма сипаты: Оқушыларды топқа бөліп, оқушыларға бетшелер таратылып, № 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»
Оқушылар жұмысты бастамас бұрын эксперименттің потенциалды қауіптілігін анықтайды.
Оқушыларда қорғаныс көзілдірігі болуы тиіс.
Жұмысқа төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы болжам жазады:
-Барлық металдар реакцияға бірдей жылдамдықта түсе ме?
-Қандай газ бөлінеді?
-Қай металл реакцияға белсенді түседі?
-Қай металл реакцияға нашар түседі?
-Қандай жаңа өнімдер алынады?
Белсенділігі орташа және инертті металдардың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі бойынша тәжірибе жүргізіледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға жұмыс парағын таратады. Жұмыс барысымен таныстырады. Тәжірибені қадағалайды.
Кері байланыс. Жұмыс соңында ғылыми терминологияны қолданып, қорытынды жазады.

Сыныппен жұмыс
Мақсаты: Жүргізілген тәжірибеден кейін олардың реакция теңдеулерін жазу.
Тапсырма сипаты: Жасалған жұмыстары бойынша әр топ плакат дайындайды. Оны қорғайды. Бір-бірін бағалайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім оқушылардың плакатқа жазған теңдеулерін тексереді.
Оқушының іс-әрекеті: Жүргізілген тәжірибелердің реакция теңдеулерін плакатқа жазады.
Кері байланыс: Әр топ тақтаға шығып өз плакаттарын қорғайды.
Бағалау дескрипторлары:
• Қышқылдың және түзілген тұздың формуласын дұрыс құрастырады;
• Жасалынған тәжірибелердің химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазады;
• Топ жұмысын қорғауға шыққан оқушы заттардың атауларын дұрыс оқиды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы» 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. № 5 Зертханалық жұмыс: «Металдардың қышқылмен өзара әрекеттесу реакциясы» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Демонстрация. «Тұз ерітінділерінен металды ығыстырып шығару» (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ 8 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]