Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.3.1 күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеу және элементтердің массалық үлесі бойынша зат формуласын шығару
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
• күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептей білу.
• элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығару.
Көптеген оқушылар білу керек:
• Элементтердің массалық үлестері арқылы заттардың формулаларын шығарады және олардың әрі қарай қасиеттеріне қатысты болжамдар жасайды.
Кейбір оқушылар білу керек:
• химиялық формуласы бойынша анықтауға болатын стехиометриялық параметрлерді жүйелеу.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексерілееді. Сабақтың негізгі тақырыбына көшу үшін алдыңғы сабақты қалай менгергендерін тексеріледі.
Қайталау
Әр оқушының жақын мандағы даму аймағын (ЖДА) белгілеу маңызды, химиялық формуланың нөлдік қосынды әдісімен алынуын түсінетіндіктеріне, яғни 100% білетіндіктеріне көз жеткізу керек. Мұны істеу үшін натрий оксидінің формуласын тақтаға шығарып қайталай отырып, әр қадамын толық түсіндіре жұмыс жасалады.
Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері
Жаңа тақырып:
Одан әрі химиялық формуланы қолдану арқылы есептеулер жүргізіледі. Молекуланың құрамына кіретін әрбір атомның массасы арқылы молекулалық массасын табу керек. Молекулалық массаны табу туралы кімде қандай ұсыныстар бар? Оқушылар өздері математикалық тұрғыдан фосфор (V) оксидінің молекулалық массасын табуды көрсетеді:
Mr(Р2О5) = 2Аr(P) + 5Ar(O)
Осы сәтте мадақтап, оқушыларға қолдау жасалады.
Молекулалық массаның мәнін анықтаймыз: Mr(Р2О5) = 142 Бұдан әрі химиялық формуладан химиялық элементтердің массалық үлестерін анықтауға болады.
Массалық үлес дегеніміз - химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекуланың массасына қатынасы. Ол бірдің үлесімен немесе пайызбен өрнектеледі, гректің ω (омега) әріпімен белгіленеді.
Фосфор оксиді үшін:
ω(Р)=2Аr(P)∙100%/Mr(Р2О5)
ω(O)=5Аr(O)∙100%/Mr(Р2О5)
Атомдық массаның мәндерін қойылады:
ω(Р)= 2∙31∙ 100%/142 = 43,67%
ω(O)=5∙16∙100%/142 = 56,33%
43,67 + 56,33 = 100

1-тапсырма. Жұпта карточкамен жұмыс істеу
Оқушылар осындай есептеулерге ұқсас бинарлық қосылыстардағы: алюминий оксиді, метан СН4, темір (III) сульфиді Fe2S3 массалық үлестің мәндерін табуы керек.
Бүгінгі сабақта зат құрамына кіретін химиялық элементтердің массалық үлестері бойынша химиялық формулаларын қорытып шығарумен таныстырылады. Ең қарапайым мысал кальций карбонатының химиялық формуласын қорытып шығаруды қарастырайық. Мына қосылыстағы СахCyOz химиялық элементтердің массалық үлестері берілген. Элементтердің индекстерін тауып, химиялық формуласын шығару:
x:y:z = (ω(Са))/(Аr(Са)):(ω(С))/(Аr(С)):(ω(O))/(Аr(О))
Бұл есептің шешуінен заттың химиялық формуласындағы атомдар индекстерінің қатынасы, әрбір элементтің массалық үлесін оның салыстырмалы атомдық массасына бөлгенде шығатын бөлшек сандардың қатынасына тең екендігіне оқушылардың назарын аударыныз......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Изотоптар. «Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция теңдеулерін құру. (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ 8 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]