Сабақ жоспары (ұмж): Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгеруі
Сабақ тақырыбы: Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.6 қайнау үдерісін зерттеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар тиіс
Білу:
- қайнау, қыздыру қисығы, қайнау температурасы түсініктерін білу
Түсіну:
- қыздыру қисығы мен қайнау температурасы қандай факторларға тәуелді болатындығын түсіну
Орындай алу:
- қайнау түсінігін булану түсінігінен ажырата алу;
- суды қыздыру қисығының өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алу.

Ұйымдастырушылық кезең
Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды белгілейді.

Ой қозғау
Мұғалім фронтальді сұрақ қою жүргізеді:
Заттың сұйық күйден газтәрізді күйге айналу үрдісі қалай аталады?

Оқушылардың болжалды жауабы:
Булану, қайнау, бу түзу

Мұғалім оқушыларды дәптерлеріне бу түзілудің анықтамасын жазуды сұрайды:
Бу түзу – бұл сұйық (немесе қатты) агрегаттық күйден газ күйіне айналу үрдісі.

Мұғалім оқушларды жұпқа бөледі, ноутбуктер таратады, сұрақтар қояды:
Бу түзілудің қандай түрлерін білесіздер? (бу қалай түзіледі?) Бір-бірінен айырмашылықтары неде?

Кез келген оқушылар жұбының болжалды жауаптары:
бу түзудің 3 түрі бар: 1) қайнау, 2) булануе, 3) сублимация
Қайнау белгілі бір температурада және сұйықтықтың барлық көлемінде орын алады.
Булану әртүрлі температураларда және сұйықтықтың бетінде жүреді.

Мағынаны тану
Мұғалім ақпарат таратады, осының негізінде сабақ тақырыбына шығуды сұрайды:
Бүгін біз зертханалық тәжірибе жүргіземіз, алдымен сіздер мына ақпаратқа негізделе тақырыпты атасаңыздар:
Мұғалім ақпарат таратады:
Бұл үрдіс дезинфекциялаудың (зарарсыздандыру) тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл үрдіс энергияның шығынын талап етеді. Су осы үрдіс кезінде сәйкесінше дыбыс шығарады және күйік тудыру мүмкін.
Оқушылардың болжалды жауабы:
Қайнау үрдісі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Салқындау процесі. Лабораторлық тәжірибе: «судың салқындау просцесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Салқындау процесі. Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Сутектік байланыс 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қыздыру үрдісі Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу» 7 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Қыздыру үрдісі Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]