Сабақ жоспары (ұмж): Салқындау процесі. Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Салқындау процесі. Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгерісі
Сабақ тақырыбы: Салқындау процесі. Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.2.6 Салқындау процесінің қисығын зерттеу
7.1.2.7 салқындау қисығын салу және оған тән ерекшеліктерді атап өту, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
• Салқындау процесін зерделейді
• Салқындау қисығын құра алады
• Салқындау қисығының негізгі бөліктерін анықтап, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады.

Ұйымдастыру кезеңі
Стартер:
Тәжірибе №1
«Бөлшектердің қозғалысын зерттеу (диффузия)»
Кристаллизаторға сүт құйып, бірнеше тамшы әртүрлі бояулар тамызып, мақталы түтікшемен сабын ерітіндісін енгізу арқылы бөлшектердің қозғалысын бақылау (диффузия)
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Бұл тәжірибеде нені байқадыңдар?
2. Бұл процесс қалай аталады?
3. Қандай қорытынды шығаруға болады?
Бірлесіп талқылау нәтижесінде оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. (Тәжірибеде байқағандай бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларына енуі, араласуы диффузия деп аталады.Бұл процес арқылы бөлшектердің қозғалысын көруге болады.)
Кері байланыс: Мұғалім - оқушы .
Зерттеулер нәтижесі бойынша оқушылар қорытынды шығарады
Оқушылармен бірге талқылауға арналған сұрақтар:
Заттар әрдайым бір агрегаттық күйде болады ма?
Заттар бір агрегаттық күйден екіншіге қалай ауысады?
Температура мен жылу мөлшері ұғымдары бірдей ме??
Қызып тұрған денені суытқанда не болады?
Дененің энергиясы қандай өзгеріске ұшырайды?
Егер денені қату температурасына дейін салқындатса, онда не байқалады?
Кері байланыс. Мұғалім - оқушы .
Оқушылар қату температурасының анықтамасын дәптерге жазады.
Зертханалық жұмыс (жұптық жұмыс) (өздігінен жұмыс жасау дәрежесі бойынша дифференциация).
Тақырып: «Салқындауды зерттеу»
Оқу мақсаты:
 салқындау процесін зерделеу,
 салқындау процесінің қисығын салу және оған талдау жасау, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;
Зертханалық жұмыс мақсаты: (оқушылар өздері жазады)
Реактивтер және құрал - жабдықтар: парафин, су моншасы, мұз, кристаллизатор, температура датчигі, кәрлен табақша, тигель қысқыштар, секундомер.
Нұсқаулық:
- Берілген парафинді кәрлен табақшаға салып, сұйық күйге дейін балқыту. Сосын қату температурасына дейін салқындату. Температураның төмендеуін әр минут сайын белгіле.
Берігендерді кестеге түсір.
- Қату температурасын белгіле, бұл процесс неше минутқа созылады.

Салқындау қисығы – берілген мәліметтерді қолданып, қисықтың әр бөлігіндегі парафиннің күйін анықта және температура өзгерісін белгіле.
- Графиктің әр бөлігіндегі бөлшектердің қозғалысын сипатта.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Салқындау процесі. Лабораторлық тәжірибе: «судың салқындау просцесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Заттардың агрегаттық күйлері 2-сабақ (Химия, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Заттардың агрегаттық күйлері 1-сабақ (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Салқындау процесі Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу» 7 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Салқындау процесі Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]