Сабақ жоспары (ұмж): Заттардың агрегаттық күйлері 1-сабақ (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Заттардың агрегаттық күйлері 1-сабақ (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгеруі.
Сабақ тақырыбы: Заттардың агрегаттық күйлері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.4 Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- Заттың агрегаттық күйлерінің түрлерін біледі;
- Әр түрлі агрегаттық күйдегі заттарға сипаттама береді;
- Заттың күйлерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді;
- Анимациялармен жұмыс жасау, карточкалармен жұмыс істеу арқылы алған білімдерін бекітеді.

Амандасу.
Сабақтың тақырыбына шығу.
Презентациядағы слайдтар арқылы (1 слайд).
(W) Алғашында әр түрлі агрегаттық күйлерде бейнеленген судың суреттерін көрсету. 1-ші слайдта заттың агрегаттық күйлері көрсетілген суреттерге сипаттамалар беруді сұрау және осы сипаттамалар нені білдіретіні жөнінде сұрау.
Жауап: қатты, сұйық және газтәріздес заттардың сипаттамалары.
Ендеше жаңа сабақтың тақырыбы: «Заттардың агрегаттық күйлері.» (2 слайд).
Сабақтың мақсаттарын айқындау. Оқушыларға сабақтың мақсаттары көрсетілген бағалау парақтарын тарату. Оқушылар парақтың 1-ші бағанына осы берілген оқу мақсаттары бойынша білетін білімін толтыруы қажет.

(W, f) Оқушылардың бөлшектер және олардың қалпы туралы білімдеріне шолу және олардан қатты бөлшектер, сұйықтықтар мен газдар үшін нені білдіретінін ойлануды сұрап фронтальды әңгіме жүргізу.

(W) Қатты, сұйық және газтәріздес заттарға сипаттама беру. Сипаттамаларды берілген суреттермен сәйкестендіріп, осы суреттердің заттың агрегаттық күйінің қайсысына тән болатынын сұрау.

(W) Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдарда бөлшектердің орналасуын түсіндіру. Флипчарт арқылы белсендіру анимациясын орындау. Тақтаға 1 оқушы шығады да бөлшектерді заттың күйіне сәйкес етіп орналастырады.

(W) Әр түрлі газдар мысалында қатты заттың сұйықтыққа, сұйықтықтың газға және қаттыға айналуын, газдың сұйықтыққа айналуын бөлшектер арқылы симуляциясын көрсету (phet.colorado. симуляциясы ).

(W, f) Тапсырма. Оқушыларға футбол сталионы бейнеленген суретті көрсету. Адамдардың орналасуы заттың қандай агрегаттық күйлерін еске түсіретінін сұрау.

(G) Тапсырмаларды орындау (жұптық жұмыс). Оқушылар жұптарына заттың күйінің сипаттамалары берілген парақтарды тарату. Олар берілген парақты қиып өрмекші диаграммасын құруы керек. Тапсырманы түсіндіру үшін мысал ретінде 1 сәтке 6 слайдты көрсету.
Жауаптарын презентация арқылы тексеру.

(W) Фронтальды әңгіме. Зат күйі өзгерген кезде болатын энергияның өзгерісін талқылау. Оқушыларға температура мен жылу мөлшерінің арасындағы айырмашылығын көрсету......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Заттардың агрегаттық күйлері 2-сабақ (Химия, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Салқындау процесі. Зертханалық жұмыс: «Парафиннің салқындау процесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Заттардың агрегаттық күйлері 1-сабақ 7 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Заттардың агрегаттық күйлері 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]