Сабақ жоспары (ұмж): Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика және гидростатика
Сабақ тақырыбы: Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
• қатты дененің тепе-теңдік шарттарын түсіндіреді;
• тепе –теңдік түрлерін сипаттайды;
• дененің массалар центрін тәжірибе арқылы анықтайды;

І. Сабақты ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың мақсатын, оқу мақсатын таныстыру
ІІ. Демонстрация
Бір оқушыға штативті табанынан көтеріп, сосын біртіндеп қолын жылжыта отырып, бірақ үнемі штативті горизонталь күйінде ұстауды сұрайды.
Сонан соң оқушы пікірін тыңдау: шативті қай кезде көтеру жеңіл болды?
Көлбеу жазықтыққа цилиндрді орналастырады, содан кейін цилиндр ауып кеткенше біртіндеп жазықтықтың көлбеулік бұрышын арттырады
Оқушыларға талқылау үшін сұрақ қойылады:
қай кезде дене тепе-теңдікте тұр деп айта аламыз?
Дене тепе-теңдікте болуы үшін қандай шарттар орындалуы қажет?
ІІІ. Жаңа тақырыпты талдау
7 және 9-сынып физика кұрсында оқыған иіндіктің тепе-теңдік шарттарын еске түсіре отырып, жаңа материал талданады.
Тепе-теңдік шарттары:

F ⃗_1+F ⃗_2+F ⃗_3….=0
M_1+M_2+M_3….=0
Тепе-теңдік түрлері және олардың анықтамаларын демонстрациялар арқылы таныстыру
орнықты (жіпке ілінген шар, неваляшка ойыншығы, т.б.)
орнықсыз (көлбеу жазықтықтағы цидиндр)
талғаусыз ( шарды тегіс жазықтықта орналастыру)
Бой сергіту: оқушыларға денесін және аяқтарын 900 тік ұстап, орындықтан тұруға әрекет жасау ұсынылады. Байқалған құбылысты түсіндіру сұралады.
Массалар центрі ұғымын таныстыру
Дұрыс пішінді денелердің массалар центрі
Кез-келген пішінді денелердің массалар центрі
Бейнематериалмен танысу, оқушылардың не түсінгендерін талдау
Денелердің орнықтылығы және тепе-теңдікті практика қолдану туралы әңгімелеу, оқушылар пікірін тыңдау
Бекіту сұрақтары:
Ауыр жүкті арқалап келе жатқан адам неліктен алға еңкейіп жүруі керек?
Велосипедтің тежегіші неліктен артқы дөңгелекке орнатылады?........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Массалар центрі Тепе –теңдік түрлері 2-сабақ 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Массалар центрі Тепе –теңдік түрлері 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]