Сабақ жоспары (ұмж): Сұйықтардың кинематикасы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Сұйықтардың кинематикасы  (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гидродинамика
Сабақ тақырыбы: Сұйықтардың кинематикасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Сұйықтар мен газдардың ағысын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Ламинар және турбулентті ағыстардың ерекшеліктерін біледі;
Көптеген оқушылар: Ламинар ағыстың турбулентті ағысқа ауысу себебін негіздейді;
Кейбіреуі: Ламинар және турбулентті ағыстың өмірдегі қолданысы туралы білімдерін қолдану мүмкіндіктерін бағалайды.

1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақ мақсатын анықтау
Активити. Бейнематериалды көру. Уақыты 30с
Өзен суының ағысы
Тапсырма
Сұрақтарға жауап беру:
1. Өзендегі су ағыстарының айырмашылығы неде?
Жаңа мәлімет
1. Түсініктерге анықтама беру
Гидродинамика - гидроаэромеханиканың сығылмайтын сұйықтықтың қозғалысын және оның өзімен шекаралас орналасқан қатты денемен әсерлесуін зерттейтін бөлімі. Гидродинамика көмегімен сұйықтықтың жалпы қасиеттеріне механиканың негізгі заңдары мен тәсілдерін қолдана отырып, сұйықтық алып жатқан тұтас ортаның кез келген нүктесінің жылдамдығы, қысымы тәрізді өлшемдер анықталады.

Ламинарлы ағын (лат. lamina - жолақ, қатпар ) - газ немесе тұтқырлы сұйықтықтың қатпарлы ағыны. Ламинарлық ағыс- сұйықтықтың немесе газдың көрші қабаттары бір-бірімен араласпай, параллель ағатын тәртіптелген ағысы.
Турбуленттік ағыс (лат. turbulentus - тәртіпсіз, долы) — сұйықтықтың немесе газдың әр нүктесінде уақыт өзгеруіне байланысты қозғалыс жылдамдығының мәні де, бағыты да өзгеріп, жылдамдығы тамырдың соғуына ұқсас сипатта өтетін ағыс.

2. Анимацияны көру. «Цилиндрден айналып өту кезіндегі құйынды жол». Уақыты 30с.
Тапсырма: сызба арқылы көрсету:
- Сұйықтың (газдың) ламинарлы ағысын;
- Сұйықтың (газдың) турбулентті ағысын.
Сұйық ағыстарының сызған сызбаларын негіздеу
Қалыптастырушы бағалау жұмысы (ауызша)
Оқушының аты-жөні
Тарау Гидродинамика
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну.
Қолдану. Жоғары деңгейдегі дағдылар.
Оқу мақсаттары Сұйықтар мен газдардың ағысын сипаттау
Бағалау критерийі 1. Сызба түрінде ламинар және турбулентті ағысты көрсетеді.
2. Сұйық ағысының түрлерін негіздейді.

Жауабы:

Ламинарлық (a) және турбуленттік (b) ағыстардың сызбанұсқасы
Тексеру жұмысы
Ағыстардың өзгерісін көрсететін анимация ........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындар (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Сұйықтық кинематикасы 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардағы ламинарлы және тубуленттік ағыс. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Сұйықтық кинематикасы 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тұтқыр сұйықтық. Стокс формуласы. Дене ағыны 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Сұйықтардың кинематикасы 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Сұйықтардың кинематикасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]