Сабақ жоспары (ұмж): Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.1.1.3 - қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау;
Сабақтың мақсаттары: Дененің қисық сызықты қозғалысын, яғни шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түсіну және сипаттау;

Сыныпты сабаққа ұйымдастыру.
Activity “Мақсатты анықтайық”.
Мұғалім бөлме ішінде орын ауыстыру жасап оқушыларға тақырып бойынша демонстрация көрсетеді. Демонстрация бойынша Оқушылар өздері сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені, бағалай критерийлерін айқындайды
Егер оқушылар тақырыптан ауытқыса, мұғалім көмектеседі. Сабақтың мақсаты жарияланады. Күтілетін нәтижелер айтылады.
(G) Оқушылармен талдау жасалады.
Оқушылардан шеңбер бойымен қозғалысқа мысалдар келтіруді сұрайды.
(W) Айналу периоды мен жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгізу.
(D) Жартылай сумен толтырылған шелекті алып, жіпке байлап және шелекті көлденең бағытта шеңбер бойынша айналдыра алады. Айналу жылдамдығы шелектегі су қалатындай яғни төгілмейтіндей барынша жоғары болады! Нұсқа ретінде жіпке байланған дене көлденең бағытта шеңбер бойымен айналдырылуы мүмкін.
Екі жағдайда да жіп қатты байланғандығына көз жеткіземіз және бұл сумен тәжірибені сыныптан тыс жерде орындатуға болады. Оқу ресурстары қажетті құралдарды қамтиды

Қисық сызықты қозғалыс
Теориялық түсініктеме

Тақырыптың екінші бөлімі бойынша:

Мұғалім жіп және жүкпен (оқу ресустарын қараңыз) көрсетілімді жүргізе алады және v = 2πr/T теңдеуін пайдаланып, м/с алынған жүктің айналу жылдамдығын анықтай алады, мұндағы Т айналу периоды.

(G) Оқушылармен талдау жасалады.
Оқушылардан дөңгелек орбита бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу туралы болжамдарын сұраңыз.
Жылдамдық пен үдеудің бағытының өзгерісін көрсету үшін модельдеу немесе видеоролик пайдаланылады.
Центрден тартқыш үдеу бойынша видео:

Ескерту:
Оқушылар дененің сызықтық жылдамдығы тұрақты болатындығын тек дененің қозғалыс бағыты өзгерген кезде өзгеретіндігін түсінулері тиіс.
Векторлық жылдамдықтың өзгеруіне байланысты дене үдей қозғала бастайды және осы үдеу әрқашан қозғалыс центріне бағытталған.
(G) Осыған байланысты оқушыларға шеңбер бойымен қозғалған денені қарастыруда жетелеу сұрақтары қойылады.
1. Дене шеңбер бойымен қозғалғанда оның жылдамдығы өзгереді ме? Жауабынды түсіндір
2. Дененің қозғалыс бағыты өзгергенде сызықтық жылдамдық бағыты өзгеретіндігін сипаттаңыз.
3. Векторлық жылдамдың өзгеруі дене қозғалысына әсері болады ма? Қандай әсер болады?
4. Пайда болған үдеу әрқашан қалай қарай бағытталады?
(I f) Оқушылар центрге тартқыш күшті анықтауға арналған есептерді шығарады.
Қалыптастырушы бағалау «Қисық сызықты қозғалыс»........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттайтын шамалар. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кинематика. Есептер шығару. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қисық сызықты қозғалыс Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық Айналу периоды және жиілігі Центрге тартқыш үдеу 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Қисық сызықты қозғалыс Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық Айналу периоды және жиілігі Центрге тартқыш үдеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]