Сабақ жоспары (ұмж): Кинематиканың негізгі теңдеулері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж):  Кинематиканың негізгі теңдеулері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Кинематиканың негізгі теңдеулері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.1-Кинематикалық теңдеулерді есеп шығаруда қолдану және қозғалыс графигін талдау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушы:
Кинематикалық формулаларды білу, қозғалыс графиктерін оқып талдай алу, графиктер негізінде теңдеулер құрастыра білу және кинематикадағы орта деңгейдегі есептер шығара алу;
Басым бөлігі:
Қозғалысты сипаттайтын шамалар арасындағы қатынастарды тұрғызады, олардың тәуелділіктерін анықтау, жеткілікті деңгейдегі есептер шығара алу;
Кейбір оқушы:
Қозғалысты сипаттайтын шамалар арасындағы қатынастар мен тәуелділіктерін анықтау, негізгі және туынды бірліктерді ажыратып айту. Жоғары деңгейдегі есептер шығара алу.

Стартер
Сабақ мақсатын анықтау
Оқушылар бейне ролик көреді
Келесі тапсырмаларды орындайды:
Тыныштықтағы дене үшін кинематикалық формулаларды жазыңыз.
Бірқалыпты қозғалыстағы дене үшін кинематикалық формулаларды жазыңыз.
Айнымалы қозғалыстағы дене үшін кинематикалық формулаларды жазыңыз.

Оқушылар жауаптарымен бөліседі.
Болжамдар жасалады
Сабақтың тақарыбы мен мақсаттарын ашу
Жаңа тақырыпты игеру.
1. Оқулықпен жұмыс
Қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтаңыз. Есеп шығаруға қажет болады деген негізгі формулаларды жазаып алыңдар. Қозғалыс түрлерінің анықтамаларын еске түсіріп жазыңдар.
2. АҚТ арқылы жұмыс. Ақпарат іздеу және оны игеру.
1. Сапалы есептер шығару.
Топтық жұмыс.
Бірінші кезеңнің қорытындысы ретінде - негізгі түсініктерді, формулаларды, графиктерді және оларды кейінгі талдауды жүйелеу үшін оқушылардың (мұғалім ұсынған) кестені толтыруы.
Бағалау: Формативті бағалау: кері байланыс, қатемен жұмыс.

2. Теориалық есептер шығару.
Мұнда әрбір команда есеп алады (әртүрлі әдістерімен шешілетін) және оны біраз уақыт шешеді. Содан кейін топтар өздерінің тапсырмаларының шешуін барлығына тақтада ұсынады, топтың әрбір мүшесі проблеманы шешудің нақты бір кезеңіне жауапты болуы керек. Мысалға, егер топта 4 адам болса, бірінші оқушы мәселенің жай-күйін талдайды, екіншісі сызбасын сызыды,үшінші шешімін көрсетеді, төртінші алынған шешімді талдайды. Топ өз проблемаларын шешкеннен кейін, бәсекелес топтар сұрақтар қояды.
Екінші кезеңнің қортындысы: оқушылар кинематика тақырыбы бойынша есеп шығару тәсілдерін атап және жазып алады.
Бағалау: Формативті бағалау: кері байланыс, қатемен жұмыс.

3 Графикалық есептерді шешу, әрбір команда бір графикалық тапсырманы алады. Біраз уақыттан кейін топтар қайтадан бүкіл сыныпқа шешімін ұсынады. Екінші кезеңдегідей, әрбір оқушы жеке есеп береді және өз топтарының табысы үшін жеке жауапты. Үшінші кезеңнің нәтижесі: оқушылар ноутбукте осындай мәселелерді шешудің жалпы жоспарын жазады
Бағалау: Формативті бағалау: кері байланыс, қатемен жұмыс.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі кинематиканың негізгі ұғымдары мен теңдеулері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың негізгі ұғымдары және кинематикалық теңдеулері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттайтын шамалар. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Кинематиканың негізгі теңдеулері 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Кинематиканың негізгі теңдеулері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]