Сабақ жоспары (ұмж): Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 10.2.2.6 айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;
10.2.2.7 айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық және динамикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтарын салыстыра біледі.
∑_(i=1)^n▒〖F 〗i=0 шарты кезінде кез келген үдемелі ілгерілемелі қозғалыс болмайтындығын;
∑_(i=1)^n▒〖M 〗i=0 шарты кезінде оның үдемелі айналмалы қозғалысы болмайтынын түсінеді.
Оқушылардың көбі: айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолданады;
Оқушылардың кейбірі: Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін түрлендіреді және есеп шығаруды жақсы меңгереді.

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Формулалар арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ «»
2-топ «»
3-топ «»

Қарсы топ оқушылары жұптасып пікір таластырады
Айналмалы қозғалатын қатты дененің кинетикалық энергиясы
Инерция моменті
Штейнер теоремасы
Шардың, цилиндрдің, стерженнің, дискінің, сақинаның инерция моменттері

психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Манерлеп сырғанау» би

Қызығушылығын ояту:
• Неліктен фигурист қолы мен аяғын денесіне жақындатқанда оның айналысының шапшаңдығы артады?

• Оның айналмалы қозғалысын сипаттайтын шамалар қалай байланысқан?

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі мен импульс моменті, импульс моментінің сақталу заңын мұғалім оқушылармен бірлесе отырып қорытып шығарады.

1-топ:
• Неліктен тік ұшақта 2 винт болады?
• Импульс моменті дегеніміз не?
• Импульс моментінің сақталу заңын тұжырымдаңыз
2-топ:
• Мысық неліктен жерге ылғи аяғымен түседі?
• Импульс моментінің сақталу заңының орындалатынын дәлелдейтін мысал келтір
• Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның 2 заңын тұжырымда
3-топ:
1 есеп. Инерция моменті 0,15 кг·м2, радиусы 20 см біртекті тұтас цилиндрге жеңіл жіп оралған. Жіптің бір ұшына массасы 0,5 кг жүк ілінген. Бастапқыда жүк жер бетініен 2,3 м биіктікте болған.
Дескриптор:
а) жүктің жерге түсу уақытын анықтау;
б) жіптің керілу күшін анықтау;
в) жүктің жерге түсер мезеттегі кинетикалық энергиясын есептеу.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттайтын шамалар. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың негізгі ұғымдары және кинематикалық теңдеулері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Импульс моменті Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Импульс моменті Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]