Сабақ жоспары (ұмж): №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж):  №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика
Сабақ тақырыбы: №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): ОМ: параллель және параллель емес векторларды қосу және азайту
Сабақ мақсаттары: Бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу әдісін тәжірибе жүзінде тексеріп қарау.

БҰРЫШ АСТЫНДА БАҒЫТТАЛҒАН КҮШТЕРДІҢ ҚОСЫЛУЫ
Жұмыс мақсаты. Бір-бірімен перпендикуляр немесе бұрыш жасап тұрған екі динамометр көмегімен кірдің салмағын (ауырлық күшін) өлшеу
Теориялық негіздеме
Денелердің бір-біріне әрекетінің өлшемін сипаттайтын физикалық шаманы күш деп атайды.
Күш шамасымен, бағытымен және түсірілу нүктесімен сипатталады.
Күшті өлшейтін аспап динамометр деп аталады
Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады
Суреттегі бір материалық нүктеге әсер ететін F1 және F2 екі күштердің тең әрекетті күшіR болады.
R ⃗ = F ⃗_1+ F ⃗_2.
Күштің вертикаль немесе бұрышпен түсуіне қарай тең әсерлі күштің модулі өзгермей тұрақты (ауырлық күштің модуліне тең) болып қалады.
Эксперименттік қондырғы:

Тапсырмалар:
1. Тәуелсіз шамаларды анықтаңдар:
2. Тәуелді шамаларды анықтаңдар:
3. Өзгермейтін шамаларды анықтаңдар:
Ескертпе : Шамаларды анықтаған кезде олардың айырмашалығын нақты білу керек, керек кезінде мұғаліммен ақылдасыныз

Жұмыс барысы
Деформацияланбаған жағдайдағы динамометрлердің нөлдік нүктесін ретке келтіріңіздер.
Қысқа жіптің ұштары мен ортасына кішкене ілмектерді байлаңыздар.
Динамометрлер бір жазықтықта орналасуға тиіс.
Транспортирді жүктің жібіне қыстырғышпен бекітуіміз керек.
Жіптердің ұштарында байланған әр ілмекті динамометрлер ілгегіне бекітініздер, ал ортасына 100 г гірге арналған ұстағышты іліңіздер.
Штативтегі қысқыштарды реттеңіздер, олар бір биіктікте орналасуы керек.
Бұрыштық шкаланы дөңгелектің ортасы гірді ілу нүктесімен сәйкес келетіндей орналастырыныз, ал салмақ бағыты(ауырлық күші) бұрыштық шкаланың негізгі осьтерінің бірімен сәйкес болу керек.

Өлшеу нәтижелері
1. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге төмендегі критерийлер арқылы толтырыңдар
Кестеге физикалық шамалар өлшем бірлігімен және аспап қателігімен дұрыс толтырылған. (2 ұпай)
Өлшеулер ең кемінде үш рет орындалған. (3 ұпай)
Барлық есептеулер бірдей дәлдікпен жазылған. (1 ұпай)
Абсолют және салыстырмалы қателіктер бағаны толтырылған. (2 ұпай)

2. Мәліметтерді өңдеу: (Өлшеу қателіктерін ескеріп, толық есептеулер орындау) (5ұпай)
5ұпай – барлық есептеулер қателіктерін ескеріп дұрыс жасалған,
4ұпай –есептеулерде қорытқы нәтижеге әсер етпейтін қателер орын алған,өлшеу қателіктері ескерілген.
3 ұпай - есептеулерде қорытқы нәтижеге біршама әсер ететін қателер орын алған, өлшеу қателіктері ескерілген.
2 ұпай –барлық есептеулер дұрыс орындалған, қателіктер ескерілмеген.
1ұпай - есептеулерде қорытқы нәтижеге біршама әсер ететін қателер орын алған, өлшеу қателіктері ескерілмеген.
Ескертпе : Абсолют және салыстырмалы қателіктерді осындай формула көмегімен анықтау
Эксперимент нәтижесін график түрінде көрсету
Ауытқу бұрышына тәуелділік графигін төмендегі талаптарға сай тұрғызыңдар.
Координата осьтерінде физикалық шамалар өлшем бірліктерімен дұрыс көрсетілген. (2 ұпай)
График масштабы есептеу нәтижелеріне сай таңдалған. (2 ұпай)
График координаталық жазықтықтың ең кемінде ¼ бөлігін қамтиды. (1 ұпай)
Барлық нүктелер масштабқа сәйкес дұрыс белгіленген. (2 ұпай)
График сызығы орташа мәндер арқылы дұрыс жүргізілген. (1 ұпай)........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]