Сабақ жоспары (ұмж): Механикалық қозғалыс (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Механикалық қозғалыс (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика негіздері
Сабақ тақырыбы: Механикалық қозғалыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.1 Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
Сабақ мақсаты: Механикалық қозғалысты түсіндіру.

1. Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.
2. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатын жариялау.
3. Бүгінгі сабақта қолданылатын терминдердің қазақша және ағылшынша аудармаларымен таныстыру
Сабақтың ортасы
«Ой қозғау» Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қойылатын сұрақтар беру
1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті қандай?
Оқушылардың ойлары тыңдалып, әрі қарай кітап бойынша жұмыс жасайды. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті тақырыбын барлығы оқып шығады.
Оқушылар қозғалыстың өмірде алатын орны, салыстырмалығын түсініп, оған төменде көрсетілген суреттер бойынша өз ойларын айтады.

Топтық жұмыс ( Оқушылар үш топқа бөлініп дайындалады, постер дайындайды.)
1-топ: Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті
2- топ: Материялық нүкте, санақ жүйесі
3-топ: Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы
4-топ: Жылдамдықтарды қосу, орын ауыстыру
Қорғау
Бағалау критерийі
Дескриптор:
Механикалық қозғалысты түсіндіру Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті екенін түсінеді
Материялық нүктені, санақ жүйесін түсінеді;
Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсінеді;
Жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдана алады;

Бағалау (оқушыларға олардың механикалық қозғалыс туралы не білетінін және олардың мысал келтіре алатындығын анықтау үшін, шағын тест жұмысы ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды және өзара бағалайды. )
Дескриптор:
1. Механикалық қозғалысты біледі.
2. Санақ денесін біледі.
3. Траектория, орын ауыстыру, жолды біледі ...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Салыстырмалы қозғалыс (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Механикалық қозғалыс 9 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Механикалық қозғалыс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]