Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астрофизика
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Кеплер заңдарын тұжырымдай білу;
Кеплер заңдарын есеп шығаруда қолдана білу;

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқытушы сабақ тақырыбы мен сабақтың оқу мақсаттарын таныстырады..
2.Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың басында қойылған сұрақтарға жауап береді және алдыңғы білімді еске түсіреді
1.Күн жүйесінің құрамы
2.Планеталардың конфигурациялары.

1.Сыныппен жұмыс.Бейнематериал
Тихо Браге, Иоганн Кеплер және ғаламшарлар қозғалысы

2.Топтық жұмыс.
Әр топқа Кеплердің үш заңынна постер жасауға тапсырма беру. Кеплер заңдарын топта талқылау
Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық ғаламшарлар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
Кеплердің үшінші заңы – ғаламшарлардың Күнді жұлдыздық айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

3.Жұптық жұмыс.
Марстың үлкен жарты осі 1,5 а.б. Күнді айнала қозғалысының жұлдыздық айналу периодын анықтаңыз.

4.Жеке жұмыс.Есеп шығару
1.Ғаламшардың синодтық периоды 500 тәулік.Оның орбитасының үлкен жарты осін және жұлдыздық айналыс периодын анықтаңдар.
2.Қайсы бір ғаламшардың қарсы тұруы 2 жыл сайын қайталанады.Оның орбитасының үлкен жарты осі неге тең?...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі. Ғаламшарлар. Күн жүйесінің басқа денелері. (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ 9 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]