Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың проекциясы. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың проекциясы. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Векторларға қолданылатын амалдар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың проекциясы. Есептер шығару
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: 9.1.1.1 - параллель және параллель емес векторларды қосу мен азайтуды жүргізе білу.
9.1.1.3 – векторларды құраушыларға жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Параллель (коллинеар) векторларды қосу және азайту тәсілдерін көрсетеді
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін үшбұрыштар ережесін қолданады
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін паралелограмм ережесін қолданады
Есептер шығару кезінде векторлармен жұмыс жасау дағдыларын қолданады;
Векторларды құраушыларға бөледі.
Векторлардың координаталық осьтерге проекциясын анықтайды.

Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
(W) Жаңа материалды зерттеу.
Қосындысы берілген векторды құрайтын векторлар осы вектордың құраушылары деп аталады.

Екі анықтама бар:
1) вектордың геометриялық проекциясы — вектор;
2) вектордың оське түсіретін проекциясы — сан.
Вектордың геометриялық проекциясы — векторлардың ұштарынан таңдалған оське перпендикуляр түсіргенде пайда болатын вектор. Вектордың басындағы проекция геометриялық проекцияның басымен, ал вектордың соңындағы проекция геометриялық проекцияның соңымен сәйкес келеді.
Вектордың оське түсірілген проекциясы — бұл геометриялық проекция векторының ұзындығына тең скаляр шама (сан), егер геометриялық проекция мен осьтің бағыты сәйкес келсе;
Немесе егер геометриялық проекция мен осьтің бағыты қарама-қарсы болса, геометриялық проекция векторының ұзындығына қарама-қарсы сан.
Проекцияны вектордың бастапқы А(x1, y1) және соңғы B (x2, y2) нүктелерінің координаттары арқылы табу
ax = x2 - x1
ay = y2 - y1
a ⃗ вектордың ұзындығы |a ⃗ | немесе α тең болса — вектор мен х осі сүйір бұрышты құрап, вектордың скаляр проекциясы келесі формуламен есептеледі:
a_x=|a ⃗ |∙cos⁡φ=a∙cos⁡φ.
Пифагор теоремасы бойынша:
а^2=а_x^2+ а_y^2
а=√(а_x^2+ а_y^2 )

– вектордың модулін (ұзындығын) оның проекциялары арқылы анықтау формуласы
(G) Есептер шығару.
Дексрипторлар үлестірме материалдар.
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Мұғалім әр оқушыға шығарылған есептер бойынша кері байланыс береді............

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі вектордың координаталары 4-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі вектордың координаталары 3-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Векторлардың проекциясы Есептер шығару 9 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Векторлардың проекциясы Есептер шығару

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]