Сабақ жоспары (ұмж): № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар
Сабақтың тақырыбы: № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.8 – жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
8.1.3.2 – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
• тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
- Жылу мөлшері дегеніміз не?
-Меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасы қандай?
-Жылулық тепе-теңдікті түсіндір.
Оқушылар екі немесе бірнеше денелердің жылу алмасуы кезінде аса қызған дененің(денелердің) беретін жылу мөлшері азырақ қызған дененің(денелердің) алған жылу мөлшеріне тең болатынын түсіну керек(егер жылудың шығыны болмаса):
∣∣Qберген∣∣=∣∣Qалған∣∣.
2. Ой қозғау.
Нақты тәжірибелерде аса қызған дененің(денелердің) берген жылу мөлшері азырақ қыздырылған дененің(денелердің) алған жылу мөлшеріне тең болмаудың себебі неде?
Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
• тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.
Берілген теңдік жылу балансының теңдеуі деп аталады және жылу алмасу кезінде энергияның сақталу заңын өрнектейді.
∣∣Qберген∣∣>∣∣Qалған∣∣.
4. Сабақты бекіту. Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»
Бағалау критерийлері:
1. Құрал- жабдықтарды қолданып, өлшеу жұмыстарын жүргізе алады. 2. Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтап жаза алады.
3. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай алады.
4. Тәжірибені жақсартудың жолдарын ұсынады.
Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.Оқушылар жылу алмасу кезінде жылудың бір бөлігі қоршаған ортаға, ал бір бөлігі – жылу алмасу жүретін ыдысқа берілетінін түсінуі тиіс. ...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жылу мөлшері (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 2-сабақ 8 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]