Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
• Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
• Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
• Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.

1. «Сағат» әдісі арқылы оқушылармен өткен тақырыпқа байланысты қайталау жүргізу. Ол үшін оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат тілінің бағыты бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Мысалы:
- Жылу мөлшері дегеніміз не?
- Жылу мөлшерін анықтайтын формулада қандай физикалық шамалар қатысады?
- Дене жылығанда немесе суығанда оның ішкі энергиясында өзгерістер бола ма?
- Заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндір?
Мұғалім сырттай бақылайды, әрбір оқушының жауабына кері байланыс жасайды.
2. Ой қозғау.
Энергияны қалай алуға болады? Энергия сарқыла ма? Үнемдеу үшін қандай шаралар қолдануға болады?
Алдымен оқушылар жұпта талқылайды. Содан соң мүғалім әр жұптың пікірін тыңдап, кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатын анықтауға бағыттайды.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
• Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
• Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
• Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.

4. Түсіндіру.
Отын энергиясы және отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасы түсіндіріледі.
Отын энергиясы Q=q∙m
Жану кезінде бір көміртек атомы аудағы оттектің екі атомымен қосылып, көмірқышқыл газының бір молекуласын құрайды. Нәтижесінде өте көп энергия бөлінеді.
Отынның меншікті жану жылуы-массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін
көрсететін физикалық шама. Белгіленуі: q
ХБЖ-де меншікті жану жылуының өлшем бірлігі Дж/кг `өрнектеледі.
5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін отын энергиясының формуласын қолданады.
Тапсырмалар:
1. ПӘК-і 40 пеште 0,5 кг ағаш көмірін жағып көлемі 100 л суды қанша градусқа дейін жылытуға болады? с4200 Дж/кг0С, 1000 кг/м3, q=34106Дж/кг.
2. Спирт шамымен массасы 400 г суды 160С-тан 710С-қа дейін қыздырды. Ол үшін 10 г спирт жанған болса, қондырғының ПӘК-і қандай? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.
3. Массасы 100 г бензин толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшеріндей жылу алу үшін, қанша тас көмір жағу керек? qб=4,6107Дж/кг, qк=3107Дж/кг.
Бағалау критерийлері:
1. Отын энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.
2. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ ауыстыра алады.
3. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады.
4. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізе алады
Қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:
1. Массасы 1 кг сутегі толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері сондай құрғақ қайың толық жанғанда бөлініп шығатын жылудан неше есе артық? qс=120106Дж/кг. qа=13106Дж/кг.
2.Газ плитасының үстінде тұрған массасы 2 кг алюминий ыдыстың ішіндегі массасы 1 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша табиғи газ жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=44106Дж/кг, са920 Дж/кг0С...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Отын энергиясы Отынның меншікті жану жылуы 2-сабақ 8 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Отын энергиясы Отынның меншікті жану жылуы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]