Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- балқу және қатаю процесстерін ;
- балқу және қатаю кезінде температураның өзгермейтіндігін;
- меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсіну, өлшеу бірлігін, белгіленуін;
- қатты денені балқу температурасында толығымен балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептейтін формуланы;
- балқу температурасында балқыту үшін жұмсалған жылу мөлшерімен қатаю кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің тең екендігін;
- денеге жылу мөлшері берілген кезінде темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсіну.

1.Материалды қайталау "Заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.
Сынып үш топқа бөлініп заттың әр түрлі агрегаттық күйлерінде оның молекулалары қалай орналасқанын талқылайды.
Оқушылар су молекулаларының орналасуының үш күйін білуі тиіс
І топ қатты (мұз) заттың молекулаларының орналасуын көрстеді
ІІ топ сұйық заттың молекулаларының орналасуын көрстеді
ІІІ топ су буы (газ) молекулаларының орналасуын көрстеді

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттайды.
2. Ой қозғау. Берілген суреттен нені байқауға болады?
Сурет арқылы оқушылар өздерінің ойын айтады (Мұғалім оқушының жауабына қарай жетелеу сұрақтарын қойып, оқу мақсатын анықтайды)
3. Мақсатты болжау.
• МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
• балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
• заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.

4. Түсіндіру. Мұғалім заттың агрегаттық күйлердің өзгеруін түсіндіреді.
Балқу - кезінде кристалл тор түйіндеріндегі бөлшектердің тербелістерінің амплитудасы артып, тордың бүлінуі басталады. Балқу процессінде энергия жұтылады сондықтан дененің ішкі энергиясы артады (молекулалардың өзара әсерінің потенциалдық энергиясы артады).
Кристалдану - заттың сұйық күйден қатты күйге ауысу процессі.
Заттың балқу және қатаюы бірдей температурада өтеді. Кристалдану процессінде энергия бөлінеді.
Меншікті балқу жылуы - 1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін, осы заттың меншікті балқу жылуы деп атайды және оны λ деп белгілейді.

5. Сабақты бекіту.

1. Уақыттың қандай мезетінде балқу процесі басталды?
2. Қандай уақытта зат кристалдана бастады?
3. Заттың балқу температурасы нешеге тең? Кристалдану температурасы ше?
4. Қанша уақытқа созылды?
а) қатты затты қыздыру;
б) заттың балқуы;
с) сұйық заттың салқындауы
G Топтық жұмыс
1 топ.
1) Заттың балқу және қатаю процестері өндірісте және техникада қалай қолданылады?
2) Балқу температурасындағы 1кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу керек?
3) 20°C-тағы 200 г нафталинді балқыту үшін қандай жылу керек?
4) 20°C -та 150г қорғасынды балқыту үшін 2,4 ккал жылу жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқыта ма?
2 топ.
1) Балқу кезінде отынның энергиясы қайда жұмсалады?
2) Балқу температурасындағы 1кг темірді балқыту үшін қанша жылу керек?
3) 20°C -тағы 200 г парафинді балқыту үшін қанша мөлшері жұмсалады?
4) 0°C -тағы мұз бен судың қайсысына көбірек жылу жұмсалады? Неліктен?
3 топ.
1) Не себептен су қалыпты қысымда 0°C-та ериді, 0°C -та қатады?
2) Балқу температурасындағы 1кг қорғасынды балқыту үшін қанша жылу керек?
3) 0°C –тағы мұзды балқытып температурасы 15°C суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек?
4) 20°C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері керек? 0°C -та алынған қанша мұзды ерітуге болады?
Бағалау критерийлері:
1.Денені балқу температурасында балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептей біледі;
2. Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде қорытып шығара алады;
3. Темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсінеді............

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ 8 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]