Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттауды;
• балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдануды ;
• заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдауды.

1.Заттың құрылысы жайында тест тапсырмасын орындатуға болады."Заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.
Тест тапсырмалары
1. Барлық заттар
А) Кішкентай шариктерден (металл, пластмасса немесе шыны)
Б) Тек протондардан
В) Молекулалардан, атомдардан және басқа элементар бөлшектерден
Г) Тек электрондардан
2. Диффузия құбылысы
А) Молекулалардың бар екендігін
Б) Молекулалардың қозғалыста болатындығын
В) Молекулалардың бар екендігін және олардың үнемі қозғалыста болатындығын
Г) Молекулалардың өзара әсерлесетіндігін дәлелдейді.
3. Дене өзінің пішіні мен көлемін сақтайды. Осы денені құрайтын зат қандай күйде?
А) Газ тәрізді
Б) Сұйық тәрізді
В) Қатты күйде
Г) Газ және сұйық күйде
4. Диффузия құбылысы
А) Тек газдарда
Б) Тек сұйықтарда
В) Тек қатты денелерде
Г) Газдарда, сұйықтарда, қатты денелерде жүреді.
5. Төмендегі құбылыстардың қайсысы заттың бөлшектерінің арасында тартылу күшінің бар екендігін дәлелдейді?
А) Жаңа кесілген қорғасын шарларды бір - біріне жабыстырып қысса, олар жабысып қалады
Б) Гүл иісінің бөлмеге таралуы
В) Мұздың жылы бөлмеде еруі
Г) Электр тогы жүргенде шамның жануы
6. Табиғатта су
А) Газ, сұйық және қатты түрінде
Б) Тек газ түрінде (бу)
В) Тек қатты түрінде (мұз)
Г) Тек сұйық түрінде кездеседі
7. Дене өзінің көлемін сақтамайды, берілген көлемді түгел қамтиды. Осы денені құрайтын зат қандай күйде?
А) Газ тәрізді
Б) Сұйық тәрізді
В) Қатты күйде
Г) Қатты және сұйық күйде
2. Ой қозғау. Берілген суреттен нені байқауға болады?

3. Мақсатты болжау.
• МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
• балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
• заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау. ...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ 8 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]