Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ  (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.5 – молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• булану(кебу) және конденсация құбылысын сипаттау;
• заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
• қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Тест тапсырмасын беруге болады.
Заттың агрегаттық күйлері
1. Қандай процесс балқу деп аталады?
а) сұйық күйге ауысу
ә) еріп кету
б) қатты күйге ауысу
в) дұрыс жауабы жоқ
2. Қандай процесс қатаю деп ататлады?
а) қатты күйден сұйыққа ауысу
ә) сұйық күйден қатты күйге ауысу
б) кристалдану
в) заттың сууы
3.Заттың агрегаттық күйіне жатпайтыны?
а) қатты
ә) плазма
б) сұйық
в) газ
4. Меншікті балқу жылуын есептеу формуласы:
а) Q=qm
ә) m=Q/q
б) q = Q/m
в) Q= cm( t2-t1)
5.Температурасы 00 С массасы 4 кг мұзды еріту үшін қанша энергия қажет?
а) 13,6 *105Дж/кг
ә) 21,8*105Дж/кг
б) 4,2* 105Дж/кг
в) 49*105Дж/кг
6. Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі:
а) Дж/кг
ә) Н/кг
б) Дж/кг*0С
в) Дж
7. Металл балқыған кезде энергия жұтыла ма, шығарылады ма?
а) жұтылады
ә) шығарылады
б) артады
в) өзгермейді
8. Кристалдану процесінде дененің температурасы қалай өзгереді?
а) температура тұрақты
ә) өзгереді
б) өзгермейді
в) температура тұрақты, белгілі шамаға тең
9. Мұз тұрақты 00 С температурада ериді. Осы кезде энергия жұтыла ма, шығарыла ма?
а) шығарылады
ә) жұтылады
б) өзгермейді
в) алдымен шығарылады, сосын жұтылады
10. Балқу кезінде дененің температурасында қалай өзгереді?
а) көтеріледі
ә) төмендейді
б) денелерге қарай өзгереді
в) өзгермейді
2. Ой қозғау. Неліктен табақтағы су азайып қалды ?

3. Мақсатты болжау.
• булану(кебу) және конденсация құбылысын сипаттау;
• заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
• қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну............

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ 8 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]