Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 2-сабақ
Оқу мақсаты: Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтау
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарды атай алады
Көбісі қанттардың тотықсыздану қасиетін түсіндіре алады;
Кейбіреулері редуцияланбайтын қанттарды тәжирибе негізінде анықтай алады.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін анықтау Ынтымақтастық атмосферасын құру.
« Миға шабуыл» Оқушыларға төмендегідей сұрақ қойыңыз.
1. Тотығу - тотықсыздану дегеніміз не? (пәнаралық байланыс)
2. Қанттардың молекулаларында болатын топтарды атаңыздар.
3. Осы топтарға байланысты қалай аталады?

Жаңа сабақ тақырыбына шығу, мақсаты, бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.
Жаңа сабақ тақырыбы: «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар»
(D) «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтау»

Бағалау критерийлері:
Редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы дұрыс анықтап, кестені дұрыс толтырса.
Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың Бенедикт ерітіндісінде түстерінің ерекшеліктерін түсіндіре алса
ерітінділердегі редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтай алса
Бағалау критерийлерін талдап болған соң, оқушыларға арналған теориялық материалды оқушыларға оқып түсінуге уақыт беріңіз.
Сабақ барысында кездесетін терминдерге түсіндірме беріңіз

Оқушылар түсінігін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қою арқылы, мәтінге талдау жүргізіңіз.

1. Редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарға қай көмірсулар жатады?
2. Не себепті осылай жіктеледі ?
3. Қандай ерітінділер арқылы оларды анықтауға болады?
4. Не себепті сахароза редуцияланбайтын қантқа жатады?
Теориялық негіздемені оқушылармен талдап болған соң, зертханалық жұмысты орындауға кірісіңіздер.
Жұмыстың тақырыбы, мақсатын оқушылармен тақырып негізінде талқылап, дәптерге түсіріңіздер.
Оқушыларға практикалық жұмысқа болжам жасауды сұраңыз. Болжам жасау кезінде егер, онда деген сөз тіркестерін қолданып құрауына назар аударыңыз.

бейнематериалмен таныссыңыздар

Қажетті құрал – жабдықтар тізімін дәптерге түсіріңіздер
• сынауықтар
• штатив
• су моншасы, 600С
• А, В қанттар ерітіндісі сынамалары
• Бенедикт ерітіндісі
• сұйылтылған тұз қышқылы
• натрий гидрокарбонаты
• тамшуырлар
• дистилденген су ...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Практикалық жұмыс “Тотығатын және тотықпайтын қанттарды анықтау» (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс: Еритін және ерімейтін қанттар (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 2-сабақ 10 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]