Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
- көмірсулардың құрылысы мен қасиеттерін;
Оқушы түсінеді:
- көмірсулардың жіктелуіндегі ерекшеліктерін
Оқушы жасай алады:
- көмірсуларды құрылымы және қасиеттері бойынша жіктей алады

Ой толғау

Күтілетін жауап: Көмірсулар
Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазу)

Ұғыну
(М) Мұғалімнің түсіндіруі

Көмірсулар (сахаридтер) – молекула құрамы көміртегі, сутегі және оттегі атомдарынан тұратын және сутегі мен оттегінің қатынасы су молекуласындай 2:1 қатынаста болатын, яғни көмірсутек+су (аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар.

Көмірсулардың жалпы формуласын Сn(Н2О)n деп жазуға болады.
Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Олар қоректі заттардың құрамына кіреді, адамға қажетті энергия негізінен осы көмірсулармен толтырылады. Ақуыздың биосинтезіне және тұқым қуалау қасиеттерінің берілуіне қажетті нуклеин қышқылдары осы көмірсулардың туындыларынан құралған. Әсіресе көмірсулар туындыларының фотосинтез процесінде маңызы зор.
Молекулада моносахаридтің қалдықтарының қалуына байланысты моно-, олиго- (ди-) және полисахаридтер деп бөлінеді.

(Ж) Жұппен жұмыс.
Әр жұпқа көмірсулардың құрылысы және құрамы бойынша ақпараттық парақша беріледі. Алынған ақпарат көзінен оқушылар дәптерлеріне кесте толтырады:
1) Моносахаридтер
2) Дисахаридтер
3) Полисахаридтер
Класс, тобы Өкілдері
формуласы Биологиялық маңызы
Оқушылармен бағалау критерийлері анықталады, мысалы:
1) кестенің толық толтырылуы;
2) мәліметтердің қысқа да түсінікті болуы;
3) регламент, т.б.
Топ бір-бірлерін «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі бойынша бағалайды, яғни әр топ 2 ұнаған және 1 жақсартуды қажет ететін жағдайларды айтады. ..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулардың құрылымы, құрамы мен қызметтері 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулардың құрылымы, құрамы мен қызметтері 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулардың жіктелуі. Химиялық құрылым. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Көмірсуларды жіктеу моносахаридтер дисахаридтер полисахаридтер және олардың қасиеттері 10 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Көмірсуларды жіктеу моносахаридтер дисахаридтер полисахаридтер және олардың қасиеттері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]