Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Асқорыту(Қоректену)
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу»
Оқыту мақсаттары: 9.1.2.5 өттің майды эмульгациялау қасиетін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу

Ұйымдастыру уақыты

Миға шабуыл: Құрал жабдықтарды тексеріп шығып, сабақтың тақырыбымен мақсатын анықтайды

Зертханалық жұмыс №5
«Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу»»
Жұмыс мақсаты - Өттің әрекеті арқыл майды эмульгациялау
Гипотеза- ________________________________________________________________________________________________________
Мәліметтер және құрал-жабдықтар (құрал-жабдықтардың бағанаға тізім бойынша жазу)

Терминология

Stomach Асқазан
Gallbladder Өт
oil май
acid қышқыл
Filter paper Фильтр қағаз
tripod штатив
Tubes Түтіктер
distilled water дистельденген су
vegetable oil өсімдік майы
funnel воронка

Теориялық материал
Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады. Өт құрамында өт қышқылынан басқа аз мөлшерде холестерин мен фосфолипиттер бар. Олар сонымен қатар белсенді май эмульгаторлары болып келеді. Эмульгация – үлкен май тамшыларынан ұсақ май тамшылардың пайда болуы.

Жұмыс барысы:
(а) Өттің майды эмулгациялауын зерттеу
1. № 1 сынауыққа 3 мл дистельденген су құйыңыз;
2. № 2 сынауыққа – 3 мл екі көмір қышқылды сода;
3. № 3 сынауыққа – 3 мл дистельденген су және бірнеше тамшы өт.
4. Әр сынауыққа 7 тамшы өсімдік майынан қосыңыз.
5. Сынауық ішіндегі затты екпінмен сіліңіз.
6. 10-15 минуттан кейін сынауық ішіндегі заттарды қараңыз және эмульсия тұрақты екеніне көз жеткізіңіз,себебі қабаттар арасындағы шекаралары белгіленбейді. Бақылау ретінде 1 сынауықты пайдаланыңыз.
7. Барлық үш сынауықта пайда болған эмульсиялардың тұрақтылығын (стойки) сипаттаңыз.

(b) Майлардың сүзілуіне өттің әсері
1.Воронкаларға фильтр қағаздарын салыңыз. Бір фильтр қағазын өт , ал екіншісін – су тамызыңыз.
2. Штатифтегі сынауықтарға воронкаларды орнатыңыз, әр біреуіне 2 мл өсімдік майын құйыңыз. 5 минуттан кейін екі сынауықтағы сүзілген майдың мөлшерін анықтаңыз.

Мәліметтер мен нәтижелерді кестеге жазыңыз
Қорытынды жасаңыз.

Бағалау критерийлері Дескриптор
Оқушылар
Майлардың эмульгациясына өттің қасиетін зерттеу Гипотеза жасайды
Зерттеу жүргізеді
Кестеге зерттеу нәтижелерін рәсімдейді
Майлардың эмульгациясына акелетін заттарды анықтайды
Қорытынды жасайды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Өт қатысуымен майлар эмульгациясы процесін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу» 9 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]