Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің ерекше белгілері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің ерекше белгілері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың классификациясы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің ерекше белгілері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Өсімдік бөлімдері өкілдерінің негізгі белгілерін анықтау;
Берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажырату.

Өткен сабақпен байланыс жасау мақсатында тұжырымдамалармен келісетін болса аяқпен топылдату, келіспейтін болса қол шапалақтау тапсырмасы орындалады.
Тұжырымдамалар:
1. Адамдар жануарлар дүниесіне жатады;
2. Өсімдіктер төменгі, жоғары сатыға жіктеледі;
3. Жабықтұқымдылар бөлімі екі класқа жіктеледі;
Осы тұжырымдаларға сүйене отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттын ашады.
Бағалау критерийлері талданады.

«Автобус аялдамасы әдісі». «Мәтінмен жұмыс». Жұптар өзіне берілген тақырып бойынша кестені жаңа мәліметтермен толықтырады.
Ол үшін: тақтаға өсімдік түрлері бойынша ақпарат ілінеді, бірінші оқушы ақпараттан өсімдіктің ерекше белгілерін анықтайды, термин сөздерді табады және екінші оқушыға тақтадан алған ақпараттарын түсіндіреді, екінші оқушы алған мәліметі бойынша кестені толтырады.
Өсімдік бөлімдері өкілдерінің ерекшеліктерін анықтау үшін зертханалық жұмысқа арналған жұмыс парағымен жұмыс жасау ұсынылады. Оқушылар алынған ақпараттар бойынша кеппешөптен/суреттен өсімдіктердің негізгі белгілерін анықтайды.
Оқушыларға зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ержелері ескертіледі. Ол үшін қандай қауіп қатер көзі бар сұрағы арқылы оқушылармен талқылау жүргізіледі.

Оқушылар берілген кеппешөптерді құрылыс ерекшелігінің күрделенуіне қарай орналастырады.
Кеппешөптерді қандай белгілеріне қарай топтастырдыңдар?
Күтілетін жауап:
Споралары бар;
Тұқым ашық немесе жабық орналасқан;
Тамырлары мен ризоидтары бар немесе жоқ;
Гүлі бар немесе жоқ;
Суда немесе құрлықта өседі;.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің ерекше белгілері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өсімдіктердің ерекше белгілері 1-сабақ 8 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Өсімдіктердің ерекше белгілері 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]