Сабақ жоспары (ұмж): Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату
Сабақтың мақсаты:Даражарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Қосжарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Дара және қосжарнақты өсімдіктерді сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарай ажырату.

Ой шақыру: Оқушыларға екі түрлі бөлме өсімдігі ұсынылады: фаленопсис немесе орхидея және пеларгония.

Талдау сұрақтары:
өсімдіктерді салыстыр;
осы өсімдіктердің өсімді мүшелерінің арасындағы айырмашылықтарын ата?
Бұл өсімдіктерді жабықтұқымдылардың қай класына жатқызуға болады?
Өсімдіктің типтері, бөлімдерін атата отырып, қандай кластары болады сұрағын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылардан өсімдіктер бөлімдерінің өкілдерін қандай белгілері бойынша салыстырдыңыздар деп сұраңыз. Ендеше осы екі класс өкілдерін қандай белгілеріне қарап ажырата аламыз сұрағын талқылау барысында сабақтың мақсаттарын аныталады. Оқушылармен бағалау критерийлері талданады.

Оқушыларға жұмыс парағы бойынша зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің сабақ, тамырының көлденең кесінділерінің үлгілері, кейбір тірі үлгілер, суреттер, таныстырылым, оқулық және ақпараттық парақшалар мен видеоматериалдардың көмегімен осы екі класс өкілдерін салыстырады.

Ол үшін оқушыларға екі класс өкілдерінің суреттері, тірі үлгілері беріледі


Мұғалім биологиялық сурет салу ережелеріне назар аудартады. (жапырақ тақтасы мен жүйкеленуі, тамыр жүйесі)
Сурет қарындашпен салынады
Сурет атаулары қаламмен жазылады
Сурет ұқыпты болу керек, сызықтар біртұтас, бояу немесе көлеңке жасап бояуға болмайды
Зертханалық жұмыс нәтижесі бойынша жұптық бағалау жүргізіледі.
Жұмыс парағындағы 3-тапсырмадағы кестені мұғаліммен бірлесіп талдап, толықтырулар енгізіледі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің ерекше белгілері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің ерекше белгілері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді күту (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің негізгі бөліктері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Даражарнақты қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ 8 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Даражарнақты қосжарнақты өсімдіктер 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]