Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлер мен мономерлер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақ тақырыбы: Полимерлер мен мономерлер 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер және мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
Сабақ мақсаттары: Полимер және мономер ұғымдарын түсіну;
Полимерлер мен мономерлердің айырмашылығын түсіндіру;
Полимерлер мен мономерлерге мысалдар келтіру.
Оқушыларға 1-слайд көрсетіліп үй кірпіштерден қаланады, ал ағза неден құралған? Жасуша неден тұрады? сұрағы талданады.
Бұл тапсырма арқылы оқушылар тірі ағзалардың молекулалардан тұратындығына көз жеткізеді.
Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушылардан макромолекулаға мысал келтіру сұралады. Макро- ұғымының аса үлкен молекула дегенді білдіретініне тоқталғаннан кейін, оларға мысал келтіру сұралады. Осылайша нәруыз, көмірсу, липид, нуклеинқышқылының жасушаны құрайтын макромолекулалар екеніне тоқталып, сабақтың мақсаты ашылады.
Оқушылар 2- слайдтан және өздеріндегі жұмыс парақтарынан сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқып танысады.
Оқушыларға шағын ақпаратпен танысу ұсынылады.
Мұғалім таныстырылым арқылы түсіндірме береді.
Мұғалім полимер мен мономердің айырмашылығын түсіндіру үшін оқушыларға шағын тәжірибені көрсетеді.
Мұғалім:
Диализ түтікшесі жасуша мембранасының үлгісі ретінде қолданылады. Мембрана арқылы қандай заттың өтіп, қандай заттың өте алмайтынын тексеріп көрейік. Мен диализ түтікшесіне глюкоза мен крахмал ерітіндісін құямын. Осы екеуінің қайсысы мембранадан өте алады деп ойлайсыздар?
Неліктен? Әр қайсыларыңыз өз болжамдарыңызды дәптерге жазып қойыңыздар.
Крахмал мен глюкозаның қоспасын бір жағы жабық диализ түтікшесіне құйып, дистилденген суы бар мензуркаға 20 минутқа қалдырамын. Мензуркадағы суға йод тамшысын тамызамын. Бұның себебі неде? Йод нені анықтауға қолданылады? Уақыт өткен соң глюкоза мен крахмалдың мембранадан өткендігін тексереміз......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлер мен мономерлер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Нәруыздар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: