Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.

Оқушыларға «Ағзалар асты не үшін қорытады?» сұрағын талқылау ұсынылады. Бұл сұрақ арқылы оқушылар астың ағзаға сіңірілу үшін қорытылатынын түсінеді. Оқушылар астың ағзаға сіңетіндей түрге өзгеруі асқорыту жұмысының нәтижесі деген қорытындыға келеді. Оқушылар астың түріне байланысты асқорыту жүйелері де әртүрлі деген қорытынды шығару үшін, астың қорытылуы әр ағзада бірдей ме деп сұрау дұрыс. Жауапты қорек түріне байланысты асқорыту жүйелерінің құрылысы да әртүрлі деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн.

Осы талқылаудан шығарылған қорытынды бойынша «сонымен бүгін не туралы өтеміз?» сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Асқорыту жүйесі туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар топтарға бөлініп, әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйелерін зерттейді. Ол үшін оқушыларға РРТ, ақпарат парақшалары сияқты әртүрлі ресурстар ұсынылады. Кейбір оқушыларға мүмкіндік болған жағдайда асқорыту жүйесі мүшелерінің жұмысы туралы видеоматериалдар ұсынуға болады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар асқорыту жүйелерінің түрлерімен танысып, ақпарат жинақтайды.
Әр топқа ұсынылған асқорыту жүйелері типтерін сипаттау үшін қажетті критерийлер ұсынылады.
Олар:
- асқорыту жүйесінде орналасқан мүшелерді атау;
-әр мүшеде жүрілетін процессті атау;
- мүшенің құрылыс ерекшеліктерін жануардың қорек түрімен байланысын түсіндіру.
1-топ. Шұбалшаңның асқорыту жүйесі
2-топ. Сиырдың асқорыту жүйесі
3-топ. Адамның асқорыту жүйесі........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Асқорыту жүйесі. Тістер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Асқорыту жүйесі. Тістер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың сыртқы құрылысы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз ағзалардың құрылыс ерекшеліктері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ 8 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]