Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалар үшін макро (магний, кальций, калий, фосфор) және микроэлементтердің (мырыш, темір, фтор, селен) маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалар үшін макро (магний, кальций, калий, фосфор) және микроэлементтердің (мырыш, темір, фтор, селен) маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалар үшін макро (магний, кальций, калий, фосфор) және микроэлементтердің (мырыш, темір, фтор, селен) маңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: • «Идеялар тақтасы» арқылы тақырыпқа қатысты алдын ала білім деңгейлерін анықтау;
• «Ақпараттағы ақаулық» жаттығуы арқылы химиялық элемент топтарымен танысу;
• Мәтінмен жұмыс жасай отырып, химиялық элементтерді кездесу мөлшеріне қарай топтастыру;
• Макро және микроэлементтердің тіршілік үшін маңызын сипаттау.
Сабақ мақсаттары: «Идеялар тақтасында» ұсынылған проблемалық сұраққа өз жауаптарын, ойларын, болжамдарын жасайды. Осы арқылы білім деңгейлері анықталады.
«Ақпараттағы ақаулық» жаттығуы арқылы жұптаса отырып элементтер топтары туралы ақпаратпен танысады. Берілген кестедегі мәтін бойынша элементтерді кездесуіне қарай топтастырады. Макро және микроэлементтердің маңызын постерде қорғап, сипаттайды.

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сәлемдесу.
(Тж) Тірі ағзаларға тән қасиеттермен байланыстыра отырып, тірі ағзалар шығаратын зиянды заттарды атауды сұраңыз, жауаптарын талқылаңыз.
• экскреторлық өнімдер, мысалы, аммиак, карбамид
• заттары, мысалы, гормон, асқорыту сөлі.
Және де оқушылардың «Білу» дағдыларын дамыту мақсатында осы заттардың неден құралғанын сұраңыз.
***
- Несепте сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, несепнәр, аммиак, карбомид болады, 2,5% ағзалық заттар, 1,5% бейағзалық, 96% пайыз су.
- Терден су, минералды тұздар, аммиак, несепнәр, минералды тұздар шығады.
- Сілекейде 99% су, 1% органикалық және бейорганикалық зат.
- Гормонда минералды тұздар, органикалық заттар.
- Асқорыту сөлі 97% су, 1% органикалық зат, ферменттер, 0,5% бейорганикалық заттар.
- Флоэмада сахароза
- Ксилемада су мен минералды заттар.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау ...
Сонымен, «Сіз не білесіз?» сұрағымен талқылауымызды жалғастырамыз:
• Осындай бөліп шығару өнімдері қайдан пайда болады деп ойлайсыз?
(оқушылар күнделікті тамақтанғанда, тыныс алғанда, т.б.)
Сосын тақтада құрамында органикалық заттары бар өнімдер көрсетіледі.
• Бұл өнімдер не үшін керек деп ойлайсыз?
• Бұлардың құрамында қандай заттар болуы мүмкін?
• Бұл өнімдер несімен пайдалы болмақ?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
(Тж) Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері слайд арқылы көрсетіледі.

(К) Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушыларға органикалық заттар туралы қысқаша мәліметтер таратылып беріледі (қосымша 1):
• Органикалық заттар
• Органикалық заттар құрамына кіретін элементтер
• Органогендердің биологиялық рөлі
Оқушылар мәтінді оқып болған соң, сұрақтарға жауап береді:
1. Сонымен, бұл деректер бізге қандай мағлұмат берді?
2. Қандай қорытынды шығаруға болады?
Дескриптор: микро- және макроэлементтерді ажыратады;
тірі ағзаларда микро- және макроэлементтердің жетіспеушілігінен туындайтын мәселелерді жазады;
микро- және макроэлементтердің пайдалануына мысалдар келтіреді.

(Жж) Термин сөздермен жұмыс.
Оқушылар мәтін бойынша тақырыпқа сәйкес жаңа термин сөздерді жазады.
Органикалық Organic
Бейорганикалық Inоrganic
Оттегі Oxygen
Сутегі Hydrogen
Көміртегі Carbon
Азот Nitrogen
Күкірт Sulfur
Фосфор Phosphorus ........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі. Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы). (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Тірі ағзалар үшін макро (магний кальций калий фосфор) және микроэлементтердің (мырыш темір фтор селен) маңызы 7 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Тірі ағзалар үшін макро (магний кальций калий фосфор) және микроэлементтердің (мырыш темір фтор селен) маңызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]