Сабақ жоспары (ұмж): Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су мен органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): оқушылар: азық- түлік өнімдерінің құрамында көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар-жоғын дәлелдейді
Сабақ мақсаттары: азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың бар-жоғын тестілеу.

Ұйымдастыру кезеңі
І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз. ІІ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін оқушылардың пікірлерін тыңдау Сабақтың мақсатын айқындау және тақтада жазу.
(Ж) ҚБ «Дұрыс-бұрыс»
1. Тірі ағзалар бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады.
2. Крахмал майтәріздес заттардың бірі.
3. Суға қатысты заттар гидрофильді и гидрофобты.
4. Нәруыздар-жай бейорганикалық заттар.
5. Глюкозаны этил спирті арқылы анықтауға болады.
6. Крахмал йодпен қосылғанда көк түске боялады.
7. Көмірсулардың құрамына: көміртек, оттек, суттек.
8. Медузаның денесінде 98% су бар.
9. Ұлпалардың тургоры- тірі жасушадағы ішкі осмостық қысым.
10. Тірі ағзада көмірсулар мен липидтер негізгі энергия көздері.
Бағалау шкаласы:
9-10 ұпай «5»
8-7 ұпай «4»
6-5 ұпай «3»
(Т) Топтық жұмысты ұйымдастыру «Жұбыңды тап» (азық-түліктің суреттері)
Ой шақыру.
Мұғалім азық-түлік бар қоржынды көрсетіп оқушылардан сұрайды: «Біз бүгін немен айналысамыз?»
Практикалық жұмыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жекелей және жұпта болады.
Зертханалық жұмыс
Тақырып: «Азық- түлік өнімдерін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: азық-түлік өнімдерін органикалық заттарға бар-жоғын тестілеу
Болжам: азық-түлік өнімдерінің құрамында нәруыздер, майлар, көмірсулар әр түрлі мөлшерде болады.
Құрал-жабдықтар:
Майдалағыш – 1 дана
Майдалауға арналған ыдыс – 1 дана
Петри табақшасы – 1 дана
Сынауықтар – 3 дана
Этил спирті - 2 мл
Су - 2 мл
Картоп – 1 дана
Күнбағыстың дәні – 6-7 дана
Құс жұмыртқасының ерітіндісі – 2 мл
Биурет ерітіндісі -1 мл
Бенедикт ерітіндісі -1мл
Жүзім жемісімен сабағы
Жаңғақ дәндері 8-9 дана
(Бенедикт және Биурет ерітінділері болмағанда, оларды жекелей дайындауға болады )
Жұмыс барысы:
Әрбір азық-түлік өнімдерінің құрамындағы заттарды анықтау:
• глюкоза – 2 см3 жүзім шырынына 1 см3 Бенедикт ерітіндісін құйыңыздар. Қайнағанша дейін қыздыру керек. Сары тұнбаның түзілуін қадағалаймыз. Әрі қарай бақылаңыз.
• крахмал – йодтың 1-2 тамшысын кесілген картоп пен күріш үстіне тамызамыз да, бақылаймыз. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.
• липид (майлы заттар )– 2мл этил спиртіне күнбағыстың дәндерін ұсатып, салыңыздар. Қисайтып тұрып, шайқау. Алынған қоспаны ішінде 2 мл суы бар сынауыққа құйып, араластырыңыздар. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.

• нәруыз – 2 мл құстың жұмыртқасының ерітіндісіне 1 мл Биурет ерітіндісін құйыңыздар. Енді бақылаңыз.
Жұмыс нәтижесі:
Қант - қыздыру барысында бұл тұнба қызыл түске ауысады.
Крахмал- қара-көк түс пайда болады.
Липид- лайлы сұйықтық көрінсе, липидтердің бар екендігін дәлелдейді.
Нәруыз - ерітіндінің сия- көк түске айналуы байқалады.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Күрделі эфирлер. Майлар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар нәруыздар майлар көмірсулар 7 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар нәруыздар майлар көмірсулар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]