Сабақ жоспары (ұмж): Жүйелеудің маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жүйелеудің маңызы  (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақ тақырыбы: Жүйелеудің маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жүйелеудің маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жүйелеу/систематика ұғымын біледі, анықтама бере алады;
Берілген жануарды және өсімдікті жүйелеу арқылы жіктей алады;
Таксономиялық иеарархияның ретімен айта алады.

(Тж) Оқушыларға түрлі ағзалардың суреттерін таратып беріңіз, (суреттің атауы үштілде берілді)оларды сыртқы ерекшеліктеріне қарай топтастырып, сұрыптауын сұраңыз.(екі топқа екі түрлі суреттер беруге болады)
(Тж) Сыныппен бөлінген ағзалардың әр түрлі топтарын талқылаңыз. Бөлуді барлығы бірдей жүзеге асырдыма? Топтар бір-бірінің орындаған жұмысын тексереді, егер олардың ойынша қате болса, оны түзеп береді.

(С) Оқушылармен бірге систематика/жүйелеу ғылымы туралы түсінігін беріңіз. Бірінші тапсырманың А бөлімін орындау. Оқушыларға жұмыс парағы бойынша бағалау критерийлері мен дескриптерді беріңіз

(С) Оқушыларға «Classification of living things» - «Тірі ағзалардың классификациясы» атты бейнежазба көрсетіңіз, қосымша осы бейнежазбаны көрер алдында оқушыларға сөздік таратып беріп, 3 минут жеке немесе жұпта талдауын сұраңыз.


(Жж) Оқушылар жұптық жұмыс кезіңде бейнежазбаны сұрақтар қоя отырып талқылаңыз. Бейнежазба бойынша сұрақтар конферткесалып, оқушыларға таратып беріңіз. Сол сұрақтарға оқушылар кезектесіп жауап береді.Оқушылар жауап бергенде бірін- бірі толықтыруды сұраңыз.
Бұл тапсырмаойын сұхбатретінде қарастырылады.
1-ші сұрақ Неліктен тоғайды жүйелеудің/систематиканың бірінші кезеңінде алып тастады?
2-ші сұрақ Қай жануардың осы бейнежазбада омыртқасы болған жоқ? Омыртқасыз жануарлардың өкілдерін атап көріңіз
3-ші сұрақ Балық пен арыстанның негізгі айырмашылығы неде?
4-ші сұрақ Арыстан мен бүркіт екеуі де жыртқыш (етқоректі) жануарлар, бірақ неге бүркіт арыстан отрядына жатпайды?
5-шы сұрақ Тұқымдас деген сөзді қалай түсінесіз, мысал келтіріңіз
6-ші сұрақ Туыс деген сөзге анықтама беріңіз
7-ші сұрақ Таксономия ұғымын түсіндіріңіз


(ҚБ) Тапсырма В және С бөлімінде оқушыларға толық таксономиялық тәртіпті көрсету үшін бір ағзаны пайдаланыңыз. Олармен ағзаларды кіші топшаларға топтастыру қажеттігін талқылаңыз. Егер оқушы тапсырманы орындап болса, қосымша тапсырманы орыңдауға болады.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Дихотомиялық кілттерді пайдалану (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері 1-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз ағзалардың құрылыс ерекшеліктері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі табиғат дүниелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жүйелеудің маңызы 7 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Жүйелеудің маңызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]