Сабақ жоспары (ұмж): Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.4.2.1 бөтен жұмыстарды көшіріп алудың заңсыздығын талқылау
5.2.2.1 басып шығару үшін құжаттарды тиімді ұйымдастыру (парақтың бағдарын, параметрлерін орнату, алдын ала қарап шығу)
Сабақтың мақсаттары: Ғаламторды қолданудың қауіпсіздік ережелерін меңгеру.
Ғаламторда пайда болатын жағымсыз және қауіпті жағдайларды шешу мүмкіндіктері туралы білім деңгейін көтеру. Ғаламтор желісін қолдану кезінде қауіпті жағдайларды бағалау дағдыларын қалыптастыру.

(К) Ғаламтор: пайдалы ма, зиянды ма?
Бұл жатығу тақырыпқа шығу үшін кіріспе болып табылады және қатысушылардың ғаламтор желісінде әр түрлі ресурстарды қолданудың оң тәжірибесін өзекті етеді.
Жаттығу шеңберде өткізіледі. Жүргізуші (мұғалім) ешқашан ғаламторды қолданбаған, ол туралы естімеген, алайда ғаламторда қызықты және пайдалы нәрселер бар екендігіне күмәнданатын адамның рөлін ойнайды. Жүргізуші қатысушылардан оның қателесетіндігін айтуды өтінеді. Міндетті шарттар: дәлелдер қайталанбауы тиіс және мына фразадан басталғаны жөн: «Сіз ғаламтордан ... таба аласыз».
Жүргізуші жаттығуды бастайды. Қолына допты алып, «Менің ойымша ғаламторда қызықты және пайдалы ештеңе жоқ» деп айтады. Әрі қарай жүргізуші допты басқа қатысушыға лақтырады, допты қағып алған оқушы ғаламтордың пайдалы екендігіне дәлел келтіреді. Сөзін «ғаламторда Сіз ... таба аласыз» деп допты жүргізушіге қайта лақтырады. Жүргізуші допты келесі қатысушыға лақтырады. Ойын барлық қатысушы дәлел келтіргенде аяқталады.
(Т) «Бейтаныс достар»
Әрбір топқа жағдаятқа қатысты сұрақтары бар карточкалар таратылады. (Қосымша 1)
Әрбір топқа келесі тапсырмаларды орындауға 10 минут уақыт беріледі:
1. өзінің жағдаятын талдау;
2. басты кейіпкерге не істеу керек екендігіне ұсыныс беру;
3. сұрақтарға жауап беру;
(К) Талқылау
Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен таныстырады.
(Т) Ғаламторда жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері
Оқушылар топта ғаламторда жұмыс істеу барысында сақтайтын қауіпсіздік ержелерін талқылайды.
СЕРГІТУ СӘТІ
(Ж) Постер жасау
Оқушылар мәтіндік редактордың дайын шаблонын қолдана отырып, ғаламторда жұмыс жасаудың ережелері туралы брошюра жасайды. (1 бөлім –сыртқы). Шаблонның ішкі бөлігін оқушылар келесі сабақта орындайды. ........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет №1 (7 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінмен жұмыс 4-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінмен жұмыс 3-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер 5 сынып информатика, информатикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, информатика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]