Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.1 - экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын анықтау;
• экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын көрсететін графикті сипаттау.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушыларды түзуші, бірінші тұтынушы, екінші тұтынушы және ыдыратушы деп тортарға бөліңіз. Оқушылар өздері бөлінген топтардың арасындағы байланыстырды болжайды. 5 - сыныптағы 5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау оқу мақсаты бойынша өз білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Мұғалім ұсынған ағзалардың суреттерін пайдаланып, қоректік тізбек құрады. Ағзаларға қолайды абиотикалық факторларды анықтайды.

Дескрипторлар
Оқушы
Қоректік тізбектегі ағзалар арасындағы қатынасты көрсетеді.
Ағзаларға қажетті абиотикалық факторларды анықтайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Оқушылар «мылқау сызбада» берілген бос орындарға қоректік тізбек компоненттерін ортналастырып, тізбектегі ағзалардың өзара байланысын көрсетеді.

Дескрипторлар
Оқушы
Ағзалар арасындағы қоректік байланысты көрсетеді.

5. Мәтін «Экожүйелер дегеніміз не?»
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
6. Топтық жұмыс. «Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы»
- Оқушылар әр түрлі экожүйенің құрамдас бөліктерінің өзара байланысын сызбалар арқылы көрсетеді.
1- топ Орман экожүйесі
2- топ Шалғындық экожүйесі
3- топ Өзен экожүйесі
4- топ Тау экожүйесі
5- топ Шөл экожүйесі

Әр экожүйенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды.
Дескрипторлар
Оқушы
- экожүйелердің абиотикалық факторларын анықтайды;
- экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын сипаттайды;
- экожүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 2- сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе дегеніміз не? (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар және оның құрамдас бөліктері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйелер (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 1-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]