Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау
Сабақ мақсаттары: • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау;
• өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау;
• өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар төмендегі экологиялық мәселелерді кезекпен атап, топқа бөлінеді.
• Су көздерінің ластануы
• Ауаның ластануы
• Ауызсу тапшылығы
• Тұрмыс қалдықтарының жиналып қалуы
• Жабайы ағзалардың жойылу қаупі

2. Ой шақыру.
Әр топ экологиялық мәселелердің себептерін ұсынады.

3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Топтық жұмыс. «Алты қалпақ»
Әр топта алты оқушы. Әр топқа жергілікті жердегі экологиялық мәселелер суреті беріледі. Топта ақылдаса отырып, алты қалпақ әдісі бойынша мәселені талдайды.
Ақ қалпақ. Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар?
Қызыл қалпақ.Мәселеге байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ. Мәселенің пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ. Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
Дескрипторлар
Оқушы
Экологиялық мәселеленің себебін анықтайды;
Экологиялық мәселеленің салдарын сипаттайды;
Экологиялық мәселеленің алдын алу жолдары ұсынады.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның экологиялық мәселелері (10 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]